Ескерту. Күші жойылды-Ақтөбе облысы әкімдігінің 09.11.2015 № 416 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет"ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н. Есқалиевке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев
Қаулыға қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы № 364
Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
1) "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы" облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 506 қаулысының 1 тармағы";
2) "облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 506 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 129 Қаулысы";
3) "облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 506 қаулысына өзгеріс енгізу туралы"облыс әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 400 Қаулысы.
Бекітілді"
әкімдігінің қаулысымен
Ақтөбе облысы
2015 жылғы 2 қазан № 364
ЕРЕЖЕ
Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы " мемлекеттік мекемесі туралы"
- Жалпы ережелер
- Осы "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
"Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама нормаларының, барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылыс нормалары, стандарттары, қала құрылысы құжаттамасының ережелері мен ережелері талаптарының Ақтөбе облысының аумағындағы барлық сәулет-құрылыс қызметі субъектілерінің орындалуын қамтамасыз етуге уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
- Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"мемлекеттік мекемесі.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басшылық жөніндегі уәкілетті орган Ақтөбе облысының әкімдігі мемлекеттік мекемесі болып табылады.
- Осы Ереже "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Ақтөбе облысы халқының өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін Сәулет және қала құрылысын дамыту болып табылады.
- Басқарманың қызметі саласындағы негізгі міндеттері Облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумағын қала құрылысын игеру кезінде мемлекеттік нормативтер мен өзге де жобалау құжаттамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді;;
2) Аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың (облысты аудандық жоспарлау жобасының) немесе оның бір бөлігінің кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
3) Халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың Бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізеді;
4) Облыстық мәслихат мақұлдаған, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының құрамында облыс аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемасының жобаларын (облысты аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуды ұйымдастырады;
5) Халқының есептік саны жүз тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарына қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихаттар мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
6) Қала құрылысы құжаттамасын, ең алдымен облыстың қалалары мен басқа да қоныстарының бас жоспарларын әзірлеуді және уақтылы түзетуді ұйымдастырады;
7) Заңнамада белгіленген тәртіппен қала құрылысы және басқа да жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі Тапсырыс беруші болады;
8) Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;;
9) Есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;;
10) Облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келіседі;;
11) Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да қоныстарын дамыту және қайта құру процесінде архитектураның сапасы мен жоғары идеялық-көркемдік деңгейін қамтамасыз етеді;;
12) Қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметін үйлестіруді, оларға сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық, әдіснамалық және өзге де көмек көрсетуді жүзеге асырады;
13) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен аумақтарда құрылыс салудың, абаттандырудың аумақтық қағидаларын келіседі;;
14) Қалалар мен елді мекендердің аумақтарына құрылыс салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту; ;
15) Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау, облыс аумағындағы жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
16) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді; ";
17) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді";
18) Облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрады және жүргізеді;
19) Облыс әкіміне қала құраушы факторға байланысты әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекараларын белгілеу және өзгерту мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді;
20) Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар етеді;
21) Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын) бекітеді және іске асырады;
22) Картографиялық, топографиялық және қала құрылысы материалдары мен басқарудың техникалық мұрағатының облыстық қорын шоғырландыруды және ұстауды қамтамасыз етеді; ;
23) Консультативтік-кеңесші органның - облыстық қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастырады; ;
24) Елді мекендердің аумағы бойынша инженерлік ізденістер жүргізуді реттейді;;
25) Жобалаушылардың уақытша шығармашылық ұжымдарын құруға, оларды шарттық негізде жұмысқа тартуға жәрдем көрсетеді;
26) "ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызметін және "үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру"мемлекеттік қызметін көрсетеді.
- Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Басқарманың өз құзыреті шегінде құқығы бар:
1) Өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік билік органдарынан, статистика органдарынан, ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоспарлы есептік деректерді сұратуға және алуға құқылы.
2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен және қоғамдық ұйымдарымен, сәулетшілерімен бірлесіп, тұрғын аудандардың және елді мекендердің орталықтарының, сондай-ақ адамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы ортаны қалыптастыратын жекелеген ғимараттар мен құрылыстардың, ескерткіштер мен монументтердің жобаларын, оның ішінде жоспарлау, құрылыс салу, абаттандыру эскиздерін әзірлеуге конкурстар өткізуді ұйымдастыруға міндетті;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге;;
4) Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелерін қарау;
5) Облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын дайындауға қатысу.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері":
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумағын қала құрылысын игеру кезінде мемлекеттік нормативтер мен өзге де жобалау құжаттамаларының сақталуын қамтамасыз ету;
2) Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жатады.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, лауазымы бойынша облыстың бас сәулетшісі болып табылатын басшы жүзеге асырады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері":
1) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді, олардың функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басшының орынбасарларын, бөлім басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға жаза қолданады;
3) Басқарманың бұйрықтарын шығарады;
4) Басқарманың қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді; ;
5) "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
"Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
- Өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
- Мемлекеттік органның мүлкі.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
- "Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру, тарату, осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.