«БЕКІТЕМІН»
«Ақтөбе облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы
басқармасы» ММ басшысы
_________________Н.Алдияров
«_____»________________2021 ж.
«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы
басқармасы» ММ
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1) бөлім басшысы -1 бірлік
2) бас маман -3 бірлік
1.Міндеті:
1) құрылыс саласында облыс бюджеттерін дамытудың жылдық жоспарын жүзеге асырады;
2) бухгалтерлік есепте тауарлық – материалдық құндылықтылар мен қаржы қозғалысына байланысты операциялардың қамтылуын қамтамасыз етеді; құжаттар айналымын жетілдіру шаралары мен үнемдеу режимін қалыптастырады; бухгалтерлік құжаттың сақталуын қамтамасыз етеді.
3.Функциялары:
1) Басқарма және басқармаға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларына ай-сайынғы өзгерістерді дайындап, қазынашылық басқармасына жібереді;
2) бухгалтерлік есептің барлық бағыты бойынша жұмыс жүргізеді (негізгі құралдардың, тауарлық – материалдық құндылықтардың, өндірістік шығындардың, шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижелерінің, өнім берушілермен есеп айырсу есебін жүргізеді);
3) бухгалтерлік есепте тауарлық – материалдық құндылықтылар мен қаржы қозғалысына байланысты операциялардың қамтылуын қамтамасыз етеді; жүргізілген бухгалтерлік есептер негізінде ішкі шаруашылық қорды анықтау мақсатында басқарманың– шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасайды;
құжаттар айналымын жетілдіру шаралары мен үнемдеу режимін қалыптастырады; 4)бухгалтерлік құжаттың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) бухгалтерлік есепті (айлық, тоқсандық, жылдық) қалыптастырады;
6) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауына бақылауды жүргізеді;
7) тиісті салалық есептілікті жүргізу үшін мәліметтерді қадағалайды.
8) Экономикалық жоспарлау мәселелері бойынша жұмыстарды бақылайды, тапсырмаға сәйкес есептерін негіздейді және өзінің бөлімшелеріне жоспардың уақытылы жеткізуін қамтамасыз етеді.
9) Мемлекеттік сатып алу (қызметтер) бойынша электрондық конкурстарды өткізу рәсімдерін ұйымдастыру.
10) Мемлекеттік сатып алу (қызметтер) бойынша конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім жеткізушілердің конкурстық өтінімін дайындау үшін конкурстық құжаттарды әзірлеу жұмыстарын бақылау.
11) Мемлекеттік сатып алу (қызметтер) бойынша әлеуетті өнім жеткізушілерге кеңес береді және ақпараттандырады.
Құқығы мен жауапкершілігі:
1) сәулет және қала құрылысы саласын дамытуға бағытталған сондай-ақ басқа да мәселе бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасауға;
3) тұрғындардың хаттары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауға;
4) мемлекеттік органдар мен мекемелерден, ведомстволардан, кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан өз құзыреті шегінде ақпаратты және материалдарды алуға және сұратуға;
5) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, тиімділігін арттыру, ұсыныстар енгізуе құқығы бар.
6) Бөлім өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті өкілеттіктерге ие болады.
7) Бөлімді Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
8) Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікке ие.
9) Бөлім басшысы басқарма басшылығына бөлімінің штаттық кестесі, құрылымы жөнінде ұсыныс береді.
10) Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.