Қамту саласын айқындау туралы есепті қарастыру жөнінде хабарландыру

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу үшін келесі құжаттар (СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • құжат жобасы, оның негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын – «Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасы бойынша Жалпы түсіндірме жазба;
  • құжатты іске асыру жоспарланған аумақтың сипаттамасы – «Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасы бойынша Жалпы түсіндірме жазба; «Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасына арналған Қамту саласын айқындау туралы есеп.
  • құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы – «Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасына арналған Қамту саласын айқындау туралы есеп.

 

СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС.

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Ақтөбе облысының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі сұрақтар бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер иә болса, бұл қандай әсерлер және неге Сіз оларды елеулі деп санайсыз?
  2. Бас жоспарды бекітпес бұрын, қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерлердің қай түрлерін зерттеу қажет және неге?
  3. СЭБ есебінде Құжатты іске асырудың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат көрсетілген бе? Қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  4. Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсеріне қатысты басқа да ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025–2050 жылдар

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 20 маусымнан 4 шілдеге дейін (соңғы қабылдау күні – 2025 жылғы 4 шілде);

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаменті, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, тел: 8 (7172) 74-02-83, эл. пошта: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрліктің кеңсесіне келесі электронды пошта арқылы жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz Құжаттардың кеңсеге түскенін міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44

СЭБ материалдары келесі сайттарда орналастырылған:

  • Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
  • Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында.
Дата публикации
16 июня 2025