2023 жылғы «__» _______
№ _ облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 349 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитарлық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) аумақтарды жинау - тұрғындардың тіршілік әрекеттері нәтижесінде елді мекендерде түзілетін қоқыстарды (қалдықтарды) жинау, жою және залалсыздандыру мақсаты болып табылатын іс-шаралар кешені;
3) аулаішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаятын, контейнер алаңдарын, автокөлік орынтұрақтарын, декоративтік құрылыстарды, аулаға кіру, үйге өтпе жолдарды орналастыру үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекаралары пайдаланылатын аумақтың шекараларына барабар немесе тараптардың келісімдері бойынша анықталады) жерлер;
4) бекітілген аумақ - осы Қағидалармен айқындалған, шекараларда жинау және күтіп-ұстау үшін бекітілген, жер учаскесі.
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарында бекіту нысандары болып табылады:
бөлінген телімдер шекарасынан бастап өтпе жол жиегімен шектелген көше жақтағы аумақ;
орамішілік аумақтарының телімдері;
сақтау, жинақтау және басқа да мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ;
іргелес жатқан аумақ;
5) бөлінген аумақ - жерді пайдаланушының (заңды немесе жеке тұлғаға) иелігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларда көзделген құқықта, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне қарасты нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер телімі;
6) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
7) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
8) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;
9) жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері – меншік нысанына қарамастан, жеке немесе заңды тұлғалардың қызметтерінің процесінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау;
10) көлік жүретін бөлікті күтіп ұстау - автомобиль жолдарын пайдалану қағидасына жауап беретін, оның нәтижесінде жолдар мен жол құрылғыларының көлік - пайдаланудың жай-күйі сақталатын жұмыстар кешені;
11) көше (көшенің көлік жүретін бөлiгi) – елді мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
12) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырыс беруші мен орындаушы арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім;
13) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
13-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;
14) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс қораптарының, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан қайта өңдеу және жою орнына тасымалдау;
15) қасбет – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы;
16) қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған стандартты ыдыс;
17) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат;
18) өндіріс қалдықтары – өндіріс процесінде пайда болған және бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары;
19) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
20) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдың элементі;
21) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
22) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
22-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;
23) үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;
24) фриз – сәулеттік құрылыстың сол немесе басқа бөлігін аяқтайтын немесе көмкеретін көлденең жолақтар немесе таспалар түріндегі декоративтік құрылым;
25) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
26) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
28) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;
29) жергілікті маңызы бар объектілер - әлеуметтік объектілерді құруға бағытталған мемлекеттік маңызы бар объектілер, оның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, мәдениет және спорт нысандары, бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілер.
2 - тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру
1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.
5) осы аумақта тұратын тұрғындардың 2/3-нен астамының келісімі болған жағдайда аулаішілік аумақтарда автокөліктер құралдары үшін қоршау орнатуға, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне жасанды бұдырлық орнатуға жол беріледі;
6) жарамсыз (апаттық) көлік құралдарын (тіркемелерді) жалпыға ортақ жерлерде 10 күнтізбелік күннен артық орналастыруға жол берілмейді.
2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.
3-параграф. Күзгі – қысқы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
жол жабынын тығыздалмаған, жаңа жауған қардан, тапалған қар-мұз бен мұздан тазарту;
көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына арналған алаңдардан жол жамылғыларын тазалау кезінде жиналған қардан және сынықтардан тазарту (орын ауыстыру);
көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалана отырып, көліктің доңғалақтарының жол жамылғысымен ілінісу коэффициентін күрт төмендететін, көктайғақ қабыршақтарын жою.
Қарды жинау мен сыпыру жол бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар жауғаннан кейін 4 сағаттан кешіктірмей жинау қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар толастамай жауғанда аяғына таман жиналады.
Қарды шығару мына мерзімдерде жүргізіледі:
Маңызды магистральдарында қар жамылғысы кемінде 6 сантиметр түскен кезде - екі тәуліктен, ал басқа жолдарда төрт тәуліктен кешіктірмей;
Ал қар 6 сантиметрден аса түскенде - сәйкесінше төрт тәуліктен немесе жеті тәуліктен кешіктірмей.
Жолдың тротуарларымен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.
4-параграф. Көктемгі – жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың көлік жүретін бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпыруды көздейді.
Аулаішілік аумақтар мен тротуарларды ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру және оларды жуу жеке меншік пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі - ПИК), үй комитеттерімен жүзеге асырылады.
5-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару
32-1. Өз қызметін қалалар мен елді мекендердің аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерден сондай-ақ пәтер иелерінен және пәтер жалдаушылардан, жеке тұрғын үйлерден коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен өткізілетін, қалдықтарды шығару бойынша конкурсты (тендер) ұтқан, қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт негізінде жүргізіледі.
32-2. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қоқыстарды (қалдықтарды) контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.
Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздерімен немесе арнайы бөлінген орындарға шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі.
32-3. Жергілікті атқарушы органдар көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында контейнерлер үшін арнайы алаңдарды, мамандандырылған көлік құралдары үшін қол жетімділікті қамтамасыз ете отыра орналастырады.
32-4. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
1) қоқыспен және тұрмыстық қалдықтармен ыдыстарды көшелерге, жалпы пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына қоюға;
2) мамандандырылған орындарды қоспағанда, үйінді жасауға, қоқысты жерге көмуге;
3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, қатты тұрмыстық қалдықтарға жатпайтын, қоқыстарды контейнерлерге салуға және алаңдарға және оған іргелес аумақтарға жинауға;
4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;
5) жеке тұрғын үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың іргелес аумақтарына қоқыстарды жинауға.
32-5. Жеке және заңды тұлғалар аулалық дәретханалардың шұңқырларын олардың толуына қарай тазартады.
32-6. Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинауға арналған контейнерлерге ие болуға құқылы.
32-7. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде асфальттің сынықтарын шығару, жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен қаланың басты магистральдарында - тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде жүргізіледі.
32-8. Қаланың аумағындағы өзендердің, су қоймаларының, каналдардың су айдындарынан қоқыстарды жинау және оларға іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
32-9. Жеке және заңды тұлғаларға іргелес аумақта ыдыстарды көгалдарға, киоскілерге және басқа сауда нысандарына, сауда шатырларының төбесіне жинауға жол берілмейді.
32-10. Жұмыс үшін құрылыс алаңдарын, учаскелерді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.
1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.
6-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
47-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.
51-1. Әртүрлі жарнамаларды, хабарландыруларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, дуалдарға, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.
7-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
1) терезе және есік орындарын жауып тастауға;
2) маңдайшаларды тұрғын орынжайлар шегінде, соның ішінде қасбеттің тұйық жағында орналастыруға;
3) маңдайшаларды лоджия мен балконда орналастыруға;
4) маңдайшаларды объектілер қасбеттерінің сәулеттік бөліктерінде, соның ішінде колонналарда, пилястраларда, ою-өрнектерде, жапсырылып мәнерленген заттарда орналастыруға;
5) маңдайшаларды орнатылған мемориалдық тақтайшалардан кемінде екі метр қашықтықта орналастыруға;
6) көше атауы мен үй нөмірінің сілтемелерін жабуға;
7) маңдайшаларды қасбеттің үстіне сәнді-көркемдік және (немесе) мәтіндік бейнені (сырлау, жабыстыру әдісімен) тікелей салу;
8) маңдайшаларды қоршау құрылғы (қоршауда, шлагбаумда) орналастыруға.
1) ақпараттық алаңнан (мәтіндік бөліктен);
2) сәнді-көркемдік бөлшектерден.
Сәнді-көркемдік бөлшектердің биіктігі маңдайшының мәтіндік бөлігі биіктігінен бір жарым еседен аспауы тиіс.
1) маңдайшалар жоғарғы бір қатарда біркелкі көлденең сызықта (бірдей деңгейде, биіктікте) орналасуы керек;
2) қасбет ұзындығынан 70 пайыз шегінде ұқсас өзара байланысқан бөлшектер кешені түріндегі (ақпараттық алаң (мәтіндік бөлігі) және сәнді - көркемдік бөлшектер) маңдайшаларды орналастыру кезінде әрбір көрсетілген бөлшектің барынша көлемі ұзындығынан 10 метрден аспауы тиіс;
3) объект қасбетінде фриз болса, қабырғадағы маңдайша тек фризге ғана оның биіктігі бойынша орнатылады;
4) объектінің қасбетінде күнқағар болса, қабырғадағы маңдайша күнқағардың фризінде оның мөлшері бойынша орналастырылуы мүмкін;
5) терезелер мен сөрелерді безендіру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі: витринаның әйнегінің ішкі жағынан орналастырылатын витриналық конструкцияның ең жоғары шектік көлемі витрина әйнегінің биіктігі бойынша жартысынан және витрина әйнегінің ұзындығы бойынша жартысынан аспауы тиіс;
6) сөрелер бүлінбеуі керек және таза ұсталуы тиіс.
8-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
3-тарау. Қорытынды ережелер
жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қ. № 2023 жылғы «__» ________
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, 2-2-тармағына және «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
3-тармақ 14) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«14) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс қораптарының, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан қайта өңдеу және жою орнына тасымалдау;»;
3-тармақ 20) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«20) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдың элементі;»;
3-тармақ 22-1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«22-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;»;
3-тармақ 29) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«29) жергілікті маңызы бар объектілер - әлеуметтік объектілерді құруға бағытталған мемлекеттік маңызы бар объектілер, оның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, мәдениет және спорт нысандары, бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілер.»;
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жеке үй иелігіндегі аумақтарда, жеке қосалқы шаруашылықтар, жергілікті маңызы бар объектілердің иелері, бау-бақша және гараж кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдарға қатысушылар, басқарушы компаниялар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су жолдары) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.»;
8 тармақ 5) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«5) осы аумақта тұратын тұрғындардың 2/3-нен астамының келісімі болған жағдайда аулаішілік аумақтарда автокөліктер құралдары үшін қоршау орнатуға, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне жасанды бұдырлық орнатуға жол беріледі;»;
32-2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«32-2. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қоқыстарды (қалдықтарды) контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.
Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздерімен немесе арнайы бөлінген орындарға шарт негізінде қоқыс шығарушы кәсіпорындармен жүргізіледі.»;
42 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«42. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:
1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.»;
42-1 тармақ алып тасталсын;
51-1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«51-1. Әртүрлі жарнамаларды, хабарландыруларды және басқа да ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, дуалдарға, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.».
Облыстық мәслихаттың
төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА
Жоба ұсынушы:
«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының м.а А. Жарасбаев