«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 6 өтініш қаралды. Оның ішінде 2 өтініш бойынша «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚРЗ 18 - бабының 5-тармағына сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден уәжді бас тарту қабылданды.
4 өтініш бойынша «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚРЗ 10 - бабына сәйкес, кәппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тіркелді.
Ал, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметі бойынша үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі KAZREESTR порталы арқылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.