Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылғы қаңтар-наурыз айлары есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес барлық қаржыландыру көздері есебінен 205,9 мың шаршы метр (915 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 160,0 мың шаршы метр (442 пәтер) жеке тұрғын үйлер, 45,9 мың шаршы метр (473 пәтер) көппәтерлі тұрғын үйлер. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3% құрайды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айлары есепті кезеңінің қорытындысына сәйкес өңірде 45,8 млрд теңге көлемінде құрылыс жұмыстары (қызметтер) орындалды. Бұл 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,3% құрайды.
Орындалған құрылыс жұмыстарының басым бөлігі шамамен 78,4% жолдар мен автомагистральдар (үлесі 13,9%), шахталар (үлесі 49,6%), тұрғын емес (үлесі 8,6%) және тұрғын ғимараттар (үлесі 6,3%) құрылысына тиесілі.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы – «Құрылыс жұмыстарының орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы (2026 жылғы қаңтар–наурыз)»: https://stat.gov.kz/api/iblock/element/region/482333/file/kk/