Мемлекеттік қызметтер тізілімі

Р/с№

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

1

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

Заңды тұлғалар

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

Құрылыс салушы және уәкілетті компания (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы құжаттарды жібереді

8 (сегіз) жұмыс күні

Тегін

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

2

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

Заңды тұлғалар

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары

Уәкілетті компания (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда Шартты есепке қою үшін ақпараттандыру объектісі - «Казреестр» (бұдан әрі - Жүйе) www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың электрондық көшірмесін есепке қою (бұдан әрі - Шарт) - өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы электрондық шартты есепке қою - Жүйеде өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3) Шартты есептен шығару Шартты есепке қою мерзімдеріне ұқсас мерзімдерде жүзеге асырылады;

4) Шартқа қосымша келісімдерді және талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды қою және есептен шығару Шартты қою және есептен шығару рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады

Тегін

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

Дата публикации
05 мая 2026