|
Сыбайлас жемқорлық қаупіне ұшырайтын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық қаупін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық қаупі |
Сыбайлас жемқорлық қаупінің деңгейі |
|
Басқарма басшысы |
Басқарманың басшысы, жалпы басқаруды жүзеге асырады |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Басқарма басшысының орынбасары |
Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, рұқсаттар мен хабарламаларды беру, аттестаттау, тіркеу және есепке алу жұмыстарын басқару және ұйымдастыру. |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Қаржы және есеп бөлімі басшысы |
Бөлімнің негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бақылауын қамтамасыз ету; Заңды тұлғалармен шығыстар сметасын әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды сақтау. Негізгі функциялары мен міндеттері: Төрт айлық және жылдық бухгалтерлік есепті уақытында құрастыру және ұсыну; Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу; ҚР Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өтетін конкурс туралы хабарламаларды орнату және өткізілген конкурс нәтижелері бойынша ақпаратты жариялау. |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Жобалау-сметалық құжаттама бөлімі басшысы |
**Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі мақсаты: ТЭО және жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) уақтылы әзірлеу бойынша бақылау жүргізу. Қамқорлықтағы объектілер бойынша: ТЭО және ЖСҚ әзірлеу тапсырмасын дайындау; ТЭО және ЖСҚ әзірлеу бағдарламаларының әкімшілерімен жұмыс жүргізу. |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Экономикалық жоспарлау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысы |
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге басшылық етеді. |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы |
Мемлекеттік сәулет және қала құрылысы бағыты өз бағыныстағы аумақта: Құрылыс қызметі саласындағы негізгі саяси бағыттарды іске асыру; Бөлім басшысына атқарылған жұмыс туралы мерзімді есептер мен қажетті ақпаратты ұсыну. |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Өндірістік бөлім басшысы |
Бөлімнің негізгі мақсаты: Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және спорт, құқық қорғау органдары, әлеуметтік қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар объектілерін жобалау бойынша инженерлік қызметтер көрсететін ұйымдарды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ құрылыс процесіне авторлық бақылау жүзеге асыру. |
Мүдделер қақтығысы және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану/теріс қолдануға байланысты тәуекелдер |
Орташа |
|
Бас мамандар |
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес міндеттерді орындау |
Мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану немесе теріс қолдануға байланысты тәуекелдер, өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында дискрециялық факторлардың туындау мүмкіндігі. |
Орташа |