Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

Ескертпе:

- Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.

- Көппәтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы үшін көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға тыйым салынады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт

  1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт электрондық нысанда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы жасалады және 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Қазақстан Республикасының Заңының» 12-бабында көзделген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда оны есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі.
  2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тараптары іс жүзіндегі мекенжайының және (немесе) басқа жеке деректерінің өзгеруі туралы күнтізбелік отыз күн ішінде бір-біріне жазбаша хабарлауға тиіс.
  3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірі немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
  4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар, сондай-ақ талап ету құқығын басқаға беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті компанияның ұсынысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда міндетті түрде есепке алынуға жатады.
  5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты есепке алу уәкілетті орган бекіткен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқығын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Үлескердің құқықтары мен міндеттері

  1. Үлескер құқылы:

1) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге;

4) уәкілетті компаниядан техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сатып алынатын жалпы алаңның нақты азаюы нәтижесінде ақша төлеуді талап етуге;

5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде міндетті түрде тіркей отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті кепілге беруге құқылы.

  1. Үлескер міндетті:

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;

3) көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесін қабылдауға;

4) іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

Документы
Ақпарат
15 января 2024
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар құрылыс компаниялар тізімі
Ақпарат
08 ноября 2023
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар құрылыс компаниялар тізімі
Ақпарат
17 октября 2023
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚРЗ бұзғаны үшін 2023 жылы қаңтар-қыркүйек есепті кезеңі қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған құрылыс компаниялардың тізбесі.
Новости
Полезные материалы
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
Медиагалерея
1
Қалайша үлескерлеге алданып қалмауға болады?
1
2021 жылдың қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлар
События
Реализуемые проекты
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Үлестік құрылысқа қатысушыларға қандай талаптар қойылады?

Кепілдік беру қорынан кепілдік алу арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы келесі талаптарға сай болуы керек:

Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылыс кезінде жалпы ауданы кемінде он сегіз мың шаршы метрді құрайтын және құрылыс кезінде кемінде тоғыз мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салуда кемінде үш жылдық тәжірибенің болуы тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде қоса алғанда, басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер;
соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес пайдасыз қызметтің болуы;
тұрғын үйді (тұрғын үйді) пайдалануға бергенге дейінгі барлық құрылыс кезеңі үшін қарыз бен меншікті капиталдың арақатынасы бойынша есептелген коэффициенттің мәні жетіден аспауы керек.
Үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы