Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақтөбе қаласының Бас жоспары

«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 643 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 461 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 643 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2024 жылғы 12 маусымдағы
№ 461 қаулысына қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 643 қаулысымен бекітілген

 

 Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары

(негізгі ережелерді қоса алғанда)

1-тарау. Негізгі ережелер

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) аумақты ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына және облыстың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экологиялық кодекстерінің, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарының және қала құрылысын жобалау саласына жататын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.

Бас жоспар (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес перспективтік аумақтық даму шекараларында орындалды.

Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:

бастапқы жыл – 1 қаңтар 2022 жыл;

бірінші кезек – 2030 жыл;

есептік мерзім – 2050 жыл.

 

2-тарау. Бас жоспардың мақсаты

Бас жоспар Ақтөбе қаласының орнықты даму қағидаттарын айқындайды және адамның қажеттіліктерін жан-жақты ескеретін әлеуметтік-экологиялық критерийлерге негізделген негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

Ақтөбе қаласының Бас жоспары Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып әзірленді: қала шекараларының өзгеруі, екі әкімшілік ауданның құрылуы: № 1 аудан – «Астана», № 2 аудан – «Алматы»; қала шегіндегі ауылдардың тұрғын алаптарға айналуы.

Бас жоспар:

1) жобалық кезеңдер бойынша халық санының демографиялық болжамын;

2) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық параметрлерді ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, Ақтөбе қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;

3) функционалдық аймақтарға бөлуді және осы аймақтардың аумақтарын пайдалану шектеулерін;

4) елді мекеннің салынған және салынбаған аумағының арақатынасын;

5) жерді басым иеліктен шығару және сатып алу аймақтарын, резервтік аумақтарды;

6) аумақты табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғауды, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды;

7) қалалық және сыртқы көлікті дамытудың негізгі бағыттарын, қаланың көше-жол желісін дамытудың схемасы мен негізгі параметрлерін, жол қозғалысын ұйымдастыру схемасын;

8) Ақтөбе қаласының орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.

Бас жоспар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін дамытудың салалық схемаларын – инженерлік және көлік инфрақұрылымын, аумақтарды инженерлік даярлауды; тұрғын үй, өндірістік және рекреациялық аймақтарды жаңғырту, қайта жаңарту және дамытуды әзірлеу және іске асыру; қоғамдық, іскерлік, этномәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін одан әрі дамыту, қала құрылысы жоспарларын, Ақтөбе қаласының әкімшілік аудандары мен басқа да аумақтық бірліктерінің аумақтарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, қаланың қала құрылысы тораптарын жоспарлау және салу жобаларын әзірлеу және іске асыру үшін негіз болып табылады.

Бас жоспардың негізгі мақсаты жоспарлау құрылымының барлық элементтерімен өзара байланысты дамыта отырып, өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды ұтымды функционалдық аймақтарға бөлу және орналастыра отырып, жайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру болып табылады.

Бас жоспарда шешімдері ұсынылған негізгі міндеттер:

1) қаланы дамытудың бесжылдыққа арналған бекітілген жобаларының шешімдерін, елді мекендердің бас жоспарларын және нақты қалыптасқан құрылыс салумен Ақтөбе қаласының шекарасына кіретін тұрғын үй алаптарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзара байланыстыру;

2) әуежайды Ақтөбе қаласы шегінен шығаруды ТЭН жобасы бойынша жаңа жобалық ұсыныстарды нұсқалық негізде әзірлеу;

3) қолайлы лайықты өмір сүру ортасын, дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша инженерлік және көлік инфрақұрылымының техникалық шешімдерін қамтамасыз ететін жобаланатын аумақты оңтайлы сәулет-жоспарлау және кеңістіктік ұйымдастыру;

4) қала халқының тіршілік әрекетін және қоныстану ортасын жақсарту;

5) тұрғын үйлермен, қызмет көрсету объектілерімен және басқа да шағын бизнес объектілерімен аумақты кешенді салуды жүзеге асыруға бағытталған қала құрылысы регламенттерімен ұтымды функционалдық аймақтарға бөлу;

6) халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің барлық түрлерін дамыта отырып, қоғамдық орталықтардың қалалық жүйесін дамытуды жалғастыру;

7) көгалдандырудың бірыңғай жүйесін құру: рекреациялық аймақтар, саябақтар, бульварлар, саяжолдар, санитариялық-қорғаныш жасыл аймақтар;

8) қазіргі заманғы смарт-сити (ақылды қала) құру және дамыту, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, жетілдіру және жаңғырту;

9) ластану көздеріне мониторинг базасын құра отырып, қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларын сақтай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

10) тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау;

11) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау.

 

3-тарау. Қала туралы мәлімет

Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Астана қаласынан 1 678 км қашықтықта орналасқан. Ақтөбе қаласының аумағының ауданы 2,3 мың км2 құрайды. Қала шегінде Елек өзені мен оның бірнеше салалары ағып жатыр, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймасы орналасқан.

Қала Орталық Азияны және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігін Батыс Қазақстан өңірлерімен, Оралмен, Ресейдің Еуропалық бөлігімен және еуропа елдерімен байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль және теміржол көлік магистральдарында орналасқан.

Ақтөбе агломерациясының аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі өтеді. Бұл дәліз аймақ пен қаланың әлемдік нарықтарға шығуымен Ұлы Жібек жолының ежелгі трассасының жандануын, қызметтердің қолайлы деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңірдің және тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуына оң әсер етеді.

 

4-тарау. Табиғи-климатттық жағдайлар

Климат әдетте жазда ыстық, құрғақ және қары аз суық қыспен сипатталады. Ақтөбе қаласының климатына тән ерекшеліктер қыстан жазға өте қысқа көктемгі кезеңмен жылдам өту, атмосфералық жауын-шашынның тұрақсыздығы мен тапшылығы, ауаның жоғары құрғақтығы, булану процестерінің қарқындылығы және көктем-жаз маусымында тікелей күн сәулесі мол. Жазда құрғақ жел, қыста – боран жиі болады.

Жаз ыстық, орташа есеппен 5 айға созылады – мамырдың басынан қыркүйектің аяғына дейін. Ең ыстық ай-шілде, оның орташа температурасы 22,3 ºС. Күндізгі уақытта ол 29,2 ºС жетеді, түнде 15,3 ºС дейін төмендейді. Кейбір жылдары абсолютті максималды температура 43ºС жетуі мүмкін.

Өңірдегі қыс едәуір ұзақ – қарашадан сәуірдің басына дейін шамамен       5 ай, тұрақты аязды ауа райы, шуақты күндер саны басым, қатты жел жиі соғады. Ең төменгі температура қаңтар айында, орташа айлық мәні – 15,4 ºС. Түнде ауа температурасы – 20,0 ºС дейін төмендейді. Абсолютті минимум –     48 ºС жетеді.

Климатқа тән белгілердің бірі – жыл бойы белсенді жел режимі. Желдің орташа жылдық жылдамдығы солтүстік-шығысқа қарай 3,3 м/секундтан және қалған аумақта 5,6 м/секундқа дейін.

Ақтөбе қаласы Елек өзені жайылмасының және оның салаларының жазық бөлігінде орналасқан. Ақтөбе қаласы аумағының басым бөлігінде Елек, Сазды, Тамды, Қарғалы, Жіңішке өзендерінің жайылмаларына қарай көлбеу жазық рельеф басым, бұл нөсер кезінде және қардың қарқынды еруі кезінде өзендердің жайылма бөліктеріндегі аумақты су басу сияқты процестердің болуын негіздейді.

 

5-тарау. Қаланың стратегиялық даму тұжырымдамасы

Ақтөбе қаласының ұзақ мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қаланың барлық экономикасының мультипликативтік дамуын қамтамасыз етуге, оның ағымдағы және перспективті өндірістік күштерінің сапалық және сандық дамуын беруге, экономикалық белсенді халықты толық және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, отбасылардың табысы және халықтың жалпы әл-ауқатын көтеруге, оның негізгі ресурстарын ұтымды және инновациялық тәсілмен пайдалануға мүмкіндік беретін бірнеше стратегиялық бағыттарды дамытуға негізделуге тиіс.

Стратегия мақсаттарды белгіледі – болашақта қандай қала болуы керек, оның бірегейлігі мен тартымдылығы неден тұрады, ол елдің және аймақтың басқа қалаларымен бәсекелестікте қандай орын алуы керек деген Пайымдар:

1-пайым: Ақтөбе қаласы – жоғары өңдеуі бар өнімді шығарумен, орнықты, ұтымды даму принциптеріне негізделген «жасыл» экономиканы дамыту басымдығымен, облыстың табиғи ресурстарын - көмірсутектерді, металдарды, минералдық шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің жоғары технологиялық өнеркәсіптік орталығы.

2-пайым: Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы – Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның Батыс қақпасы. Еуразия континентінің орталығындағы халықаралық және өңірлік көлік-логистикалық мультимодальды хаб.

3-пайым: Ақтөбе қаласы – Батыс Қазақстандағы жетекші ғылым-білім орталығы. Студенттер қаласы.

4-пайым: Ақтөбе қаласы – креативті экономика қағидаттарына, қызмет көрсету саласының барлық салаларында стартаптар аясында жастар кәсіпкерлігінің барлық нысандарын дамытуға және көтермелеуге негізделген заманауи және барабар қызмет көрсету саласы бар қала. Драйверлер бола алады: туризм кластері, медициналық кластер және медициналық туризмнің дамуы.

 

6-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму

1-параграф. Демография

Ақтөбе қаласының болашақ дамуының демографиялық болжамы халықтың қозғалысына әсер ететін көрсеткіштер мен факторлардың көпжылдық трендтерін талдауға негізделеді: табиғи өсім – туу, өлім-жітім және оларға әсер ететін факторлар: этникалық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, отбасы көрсеткіштері және т.б.; көші-қон өсімі – көпжылдық динамикасы, көші-қон географиясы, халықтың көші-қон шешімдерін қабылдауына әсер ететін факторлар, еңбек ресурстарын тарту/кету орталығы ретінде қаланың әлеуметтік-экономикалық бәсекеге қабілеттілігі және т. б.

Анықталған үдерістер мен заңдылықтар, сондай-ақ орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық пайымдары есептік мерзімге демографиялық болжамды есептеген жоспарды айқындады.

01.01.2022 ж. Ақтөбе қаласының халық саны 523,7 мың адамды құрады, бірінші кезек 2030 жылға 636,9 мың адамды, есептік мерзімге – 950,0 мың адамды құрайды.

 

2-параграф. Жұмыспен қамту

01.01.2022 ж. жағдай бойынша Ақтөбе қаласының еңбекке қабілетті жастағы халқы 361,3 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 69% құрады, бұл ретте экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) 246,6 мың адамды құрады, экономикалық белсенділік деңгейі 68,2%. Жұмыс күшінің құрамында жұмыспен қамтылған халық саны 234,8 мың адамды құрады, ресми тіркелген жұмыссыз халық саны 11,8 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%.

Ақтөбе қаласы халқының санын 2030 жылға қарай 636,9 мың адамға дейін және 2050 жылға қарай 950 адамға дейін ұлғайту қала басшылығының алдына халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін көтереді. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және агроөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық салаларында, қызмет көрсету саласында жұмыс орындарын құру мәселелері бірінші орынға шығады.

Осы жұмыста нысаналы индикаторлар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін есептік мерзімге 6% дейін, жұмыссыздық деңгейін 4% дейін, жастар жұмыссыздығы деңгейін 15-24 жас тобы үшін 3,5% дейін және 15-28 жас тобы үшін 1,5% дейін төмендету қабылданды.

 

3-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

Бас жоспардың жобасында бірінші кезекке және есептік мерзімге Ақтөбе қаласының қажеттілігіне жүргізілген талдауды ескере отырып, әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үйлерді орналастыру бойынша шешімдер көзделген.

Бас жоспарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалық бастамалар жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларына бағдарланған және халықтың түрлі сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Әлеуметтік саладағы негізгі бағыт әрбір адам, оның денсаулығы, білімі, еңбек қызметі және халықтың барлық топтары үшін әлеуметтік әділеттілікте оңтайлы өмір сүру жағдайларын құру болып табылады.

Ақтөбе қаласында тұрғын үй құрылысын дамытудың перспективалық бағыттары аумақтарды кешенді дамытуды қамтамасыз етуге және қала тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға негізделген. Ақтөбе қаласының сәулеттік келбеті оның индустриалды қала ретіндегі мәртебесіне  сәйкес келуі тиіс.

Жобада Бас жоспарда қабылданған құрылыс аймақтарына бөлуге сәйкес тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру ұсынылады.

Кіші айналма автомобиль жолымен шектелген қала аумағына орта қабатты және көп қабатты құрылысқа және ішінара қолданыстағы шағын қабатты үйлер енеді. Үлкен Ақтөбе Айналма автомобиль жолымен (бұдан әрі - ҮАААЖ) шектелген қала аумағына орта қабатты және аз қабатты құрылыстарды салу ұсынылады.

ҮАААЖ мен Ақтөбе қаласының әкімшілік шекарасымен шектелген аумаққа аз қабатты және бөліктелген құрылысты салу ұсынылады.

Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2022 жылғы           1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 592,9 мың м2 құрады, оның ішінде: көп пәтерлі үйлер - 7 251,4 мың м2, жеке үйлер - 4 341,5 мың м2. 2022 жылдың басында Ақтөбе қаласында бір тұрғынның орташа тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 22,14 м2 құрады.

Жобаны іске асырудың бірінші кезегінде жалпы ауданы 3 176,5 мың м2 жаңа құрылыс көзделеді. Жобаны іске асырудың есептік мерзіміне жалпы ауданы 9 388,8 мың м2 жаңа құрылыс көзделеді. Қолданыстағы тұрғын үй қорының кемуі 248 мың м2 құрайды.

Ақтөбе қаласының тұрғын үй қоры мына параметрлермен жоспарланған:

бастапқы жыл: 11 592,9 мың м²;

бірінші кезек: 14 521,5 мың м²;

есептік мерзім: 23 910,3 мың м².

 

4-параграф. Білім беру

Жобалық кезеңдер бойынша Ақтөбе қаласында мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беру мекемелері объектілерінде орындардың саны:

мектепке дейінгі балалар мекемелері: бастапқы жыл - 22 957 орын, бірінші кезек - 59 497 орын, есептік мерзім - 93 237 орын.

жалпы білім беретін мектептер: бастапқы жыл - 63 562 орын бірінші кезек - 132 262 орын, есептік мерзім - 197 062 орын.

Ақтөбе қаласында мектептен тыс қосымша білім беру объектілеріндегі орындар саны: бастапқы жыл - 4 076 орын, бірінші кезек - 6 886 орын, есептік мерзім - 13 386 орын.

Ақтөбе қаласында оқушыларға арналған оқу-өндірістік комбинаттардағы орындар саны 14 000 орынды құрайды, оның ішінде жаңа құрылыс: бірінші кезек - 9 000 орын, есептік мерзім - 5 000 орын.

 

5-параграф. Денсаулық сақтау

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардағы төсек-орын саны: бастапқы жыл - 3242 төсек-орын, бірінші кезек - 3 992 төсек-орын, есептік мерзім - 5 992 төсек-орын.

Ақтөбе қаласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін объектілердің жобалық қуаты: бастапқы жыл - бір ауысымда 5 655 келу, бірінші кезек - бір ауысымда 6 955 келу, есептік мерзім - бір ауысымда 10 955 келуді құрайды.

 

6-параграф. Экономикалық қызмет

Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан өңірінің дәстүрлі қалыптасқан жетекші өнеркәсіптік, қаржылық, ғылыми-білім беру медициналық орталығы болып табылады. Қала Қазақстан мен Еуразия картасында трансевразиялық көлік-жолаушылар дәліздерінің қиылысындағы тиімді экономикалық-географиялық жағдайға ие, оны Қазақстанның бірінші деңгейдегі стратегиялық мультимодальды көлік-логистикалық орталықтарының қатарына қояды.

Ақтөбе облысы, өңдеу өнеркәсібінің орталығы Ақтөбе қаласында минералды шикізаттың – мұнай, газ, металл кендерінің, құрылыс материалдарының стратегиялық қорларымен, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін бай ауыл шаруашылығы алқаптарымен қамтамасыз етілген.

Қала әлеуетті еңбек ресурстарымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген, өйткені оның демографиясы бүкіл Батыс Қазақстанға тән табиғи өсімнің жоғары қарқынымен сипатталады, сондай-ақ қала дәстүрлі түрде осы өңір үшін еңбек ресурстарын тартудың орталығы болып табылады.

Осы және басқа да факторлардың барлығы қаланың Батыс Қазақстанның бас инновациялық-индустриялық орталығы ретінде бастапқы минералдық және ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу мен қайта бөлудің ең жоғары дәрежесінде және қосылған құнын арттыра отырып дайын өнім өндіретін әлеуетін көздей отырып, Ақтөбе қаласының индустриялық және постинду  стриалдық дамуы үшін тұрақты жағдай жасайды.

Басым бағыттар болуы тиіс:

металлургияда, химияда және мұнай-химияда аз тонналы өндірісті, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өндіру, фармацевтика, машина жасау, білдек жасау және аспап жасау, автомобиль жасау және т. б. сияқты өнеркәсіптік өндірістің жоғары рентабельді бағыттарын дамыту есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті өнеркәсіптік өндіріске барынша тарта отырып, облыс қаласы мен республиканың негізгі өнеркәсіп салаларын жиынтықтауыштармен, қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етудегі импортты алмастыру;

қала мен облыс экономикасының экспорттық әлеуетін халықаралық нарықтарда тұрақты сұранысқа ие өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенде жоғары қайта бөлудің бірегей өнімін шығару есебінен іске асыру, оның ішінде Еуразия аумағындағы қазіргі заманғы әскери-саяси қақтығыстардың салдарын ескере отырып, соғыс қимылдары мен санкциялар нәтижесінде бірнеше елдің өнеркәсіптік өнімдері мен азық-түліктерінің ірі экспорттаушылары мәжбүр болған кезде өз өндірістері үшін жаңа орындарды іздеуге тура келді;

қала мен облыс экономикасының өнеркәсіптік және тұрмыстық өнімдер мен қызметтерді өндіру жөніндегі халықаралық өндірістік және технологиялық тізбектерге барынша интеграциялануы;

ҚР Азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру.

Бұл әлеуетті іске асыру үшін минералды және ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін қайта өңдеуге негізделген қала мен облыстың өнеркәсіптік өндірісінің негізгі салаларын одан әрі инновациялық дамыту стратегиялық маңызды болып табылады. Бұл металлургия, химия және мұнай-химия, агроөнеркәсіптік өндіріс, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, машина жасау, соның ішінде дәл машина жасау және аспап жасау сияқты салалар. Қаланы индустриялық дамытудың белгіленген бағыттарын іске асыру үшін осы жұмыста кластерлік-салалық қағидат бойынша біріктірілген мамандандырылған индустриялық парктер жүйесін құру ұсынылады.

Индустриялық парктерді шикізатпен, материалдармен және жинақтауыштармен жабдықтауда логистиканы қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дайын өнімнің ішкі және халықаралық нарықтарға экспортын қамтамасыз ету үшін қаланың автомобиль, теміржол және авиациялық көлікті қоса алғанда, мультимодальды көлік қатынасын қамтамасыз ететін тораптық көлік нүктелерінде мультимодальды көлік-логистикалық орталықтарды орналастыру ұсынылады.

Ақтөбе облысының Ресей Федерациясымен шекаралас екендігін, сондай-ақ оның аумағы арқылы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі өтетіндігін ескере отырып, Ақтөбе облысының өндірістік әлеуеті тиімділігінің мұндай трансформациясы дайын өнімнің басқа елдерге экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

7-тарау. Аумақты функционалдық ұйымдастыру және пайдалану

1-параграф. Негізгі ережелер

Ақтөбе қаласының аумағын перспективалық функционалдық-қала құрылыстық аймақтарға бөлу қаланы дамытудың, қолданыстағы құрылысты сақтаудың, абаттандырылмаған ескі аз қабатты кварталдарды жаңартудың, жаңа тұрғын үй және өнеркәсіптік-коммуналдық құрылысты, мәдени-қоғамдық, әлеуметтік объектілерді, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, перспективтік көлік-жоспарлау құрылымын дамытудың, көлік-жаяу жүргіншілер байланыстарын ұйымдастырудың және толық инженерлік қамтамасыз етудің есептік параметрлеріне сүйене отырып орындалды.

Бас жоспарда аумақтарды пайдалануда ретке келтіру қағидаты қаланған: әрбір функционалдық аймақ жобада қабылданған нысаналы мақсат шеңберінде және функционалдық аймақ шекараларында қатаң түрде пайдаланылуы мүмкін.

Бас жоспарда аумақты функционалдық аймақтарға бөлу орындалды және мынадай функционалдық аймақтар мен аумақтар белгіленді:

бір-екі қабатты үй-жайлық тұрғын үй құрылысы аймағы;

учаскелері бар бір-үш қабатты бөліктелген тұрғын үй құрылысы;

учаскелері жоқ бір-үш қабатты бөліктелген тұрғын үй құрылысы;

көп қабатты (4-8 қабатты) тұрғын үй құрылысы аймағы;

көп қабатты (9-16 қабатты) биік тұрғын үй құрылысы аймағы;

қоғамдық-іскерлік аймақ;

ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер;

инженерлік-көлік дәліздерінің аймағы;

өндірістік және коммуналдық аймақ;

су қорғау аймағы мен белдеуі;

санитариялық-қорғаныш аймақтары;

рекреациялық аймақтар;

жайғасымдық шектеулер аймақтары және санитариялық-қорғаныш аймақтары.

Аумақтық аймақтардың шекаралары әрбір жер учаскесінің тек бір аумақтық аймаққа тиістілік талаптарына жауап беруі тиіс. Функционалдық аймақтардың қала құрылысы регламенттері және ерекше жағдайлары бар аумақты пайдалану регламенттері мынаны қамтиды: функционалдық мақсаты, регламенттелетін аумақтардың шекараларын белгілеудің негіздері мен тәртібі, аумақтардың құқықтық мәртебесі, тыйым салынған және рұқсат етілген қызмет түрлері.

Аймақтың тиісті функцияларына сәйкес келмейтін объектілер меншік нысанына қарамастан орналастыруға қарастырылмайды.

Тұрғын аймақ тұрғын үй қорын, әлеуметтік сала объектілерін, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, ғылыми-зерттеу институттары мен олардың кешендерін, сондай-ақ санитариялық-қорғаныш аймақтарын, қалаішілік қатынас жолдарын, көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, бақтарды, бульварларды, жасыл желектерді және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды жайластыруды талап етпейтін жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған. Онда қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптік, көлік және басқа кәсіпорындарды салуға тыйым салынады.

Тұрғын аймақтарда жеке тұрған, кіріктірілген немесе жапсарлас әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру объектілерін, ғибадат үйлерін, автомобиль көлігі тұрақтарын, көлікжайларды, азаматтардың өмір сүруіне байланысты және қоршаған ортаға теріс әсер етпейтін объектілерді орналастыруға жол беріледі.

Ақтөбе қаласының тұрғын аймағы орта қабатты тұрғын үйлерді, көп қабатты тұрғын үйлерді салуға, сондай-ақ өзгермелі қабатты тұрғын үй кешендерін салуға арналған. Қалада үй жанындағы жеке учаскелері бар 1-3 қабатты жеке тұрғын үй құрылысы, қалалық үлгідегі аз қабатты бөліктелген тұрғын үй құрылысы сақталады.

Ақтөбе қаласының қоғамдық орталығының қалыптасқан жүйесі қоғамдық мақсаттағы, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінен тұратын, бір-бірімен жалпы қалалық және аудандық орталықтардың бірыңғай жүйесіне көгалдандырылған бульварлар мен саяжолдардан тұратын қаланың маңызды құрылымдық құраушы элементі болып табылады. Бас жоспар ұсынатын мәдениет, өнер, басқару, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, демалыс және ойын-сауық объектілері, ғибадат объектілері шоғырланған қоғамдық аймақтар халықтың әлеуметтік белсенділігінің орталықтары ғана емес, сонымен қатар қаланың жоспарлау құрылымының танымал «торабы» болып табылады.

Бұл аймақ Ақтөбе қаласының аумағын қоғамдық мақсаттағы объектілермен қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық-іскерлік аймақта облыстық және қалалық маңызы бар қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар, ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер, көрсетілген объектілер жанындағы ашық көлік тұрақтары орналастырылады.

Солтүстік және Оңтүстік – екі өнеркәсіптік аймақ қолданыстағы өндірістік объектілерді қамтиды, одан әрі аумақтық және экономикалық даму мүмкіндіктеріне ие. Өндірістік, логистикалық және коммуналдық аймақтар коммуналдық және қойма объектілерін, өндірістік кәсіпорындар мен олармен байланысты объектілерді, олардың тәжірибелік өндірістері бар ғылыми мекемелер кешендерін, коммуналдық-қойма объектілерін, қаланың функциялануын қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын, көлік инфрақұрылымы құрылыстарын және қалалық және сыртқы қатынастардың көлік байланыстарын орналастыруға арналған.

Өндірістік-коммуналдық аймақтар барлық функционалдық аймақтармен көше-жол желісінің бірыңғай жүйесімен байланысады. Сақталатын өндірістік кәсіпорындар реконструкциялауға және жаңғыртуға, санитариялық-қорғаныш аймақтарын ұйымдастыруға жатады. Өнеркәсіптік аумақтарды одан әрі дамыту және санитариялық-қорғаныш аймақтарын құру көзделеді.

Ақтөбе қаласының аумағында абаттандырумен және қызмет көрсету объектілерін ұйымдастырумен өзендердің көгалдандырылған жайылмалары бойында толыққанды заманауи рекреациялық аймақтар құру көзделеді. Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру мақсатындағы объектілері бар қала құрылысы кеңістігін қалыптастыру және түрлі тақырыптық саябақтар жүйесін құру көзделеді.

Құрылыс салу жүйесі, жасыл желектер жүйесі, жаяу жүргіншілер жолдары мен өткелдер желісі бар сәулет-жоспарлау құрылымы қала аумағын қабылданған функционалдық аймақтарға бөлуге негізделеді.

Бас жоспарда санитариялық-қорғаныш аймақтары – өнеркәсіптік кәсіпорындарды, өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ оларға қолайсыз факторлардың әсерін төмендету мақсатында жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан арнайы мақсаттағы объектілерді (зираттар, аса қауіпті аурулардың ошақтары) бөлетін аумақтар көзделген.

Бұл тіршілік ету ортасы мен адам денсаулығына әсер ету көзі болып табылатын коммуналдық және өндірістік мақсаттағы объектілердің айналасында жайластыратын арнайы пайдалану режимі бар арнайы аумақтар. Санитариялық-қорғаныш аймағының мөлшері ластанудың атмосфералық ауаға (химиялық, биологиялық, физикалық) әсерін гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

Санитариялық-қорғаныш аймағы халықтың тіршілік әрекетінің экологиялық қолайлы ортасын қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Санитариялық-қорғау аймағы шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.

Санитариялық-қорғаныш аймағының көлемі объектінің және қоршаған ортаның өзара қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

2-параграф. Қала маңы аймақтарын дамыту

Қала шегіне ауыл шаруашылығын жүргізетін азаматтар мен кәсіпорындардың (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа және фермер қожалықтары, кооперативтер және т.б.) жер пайдалануы енгізілді. Олардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге одан әрі қатысуы болжанады. Жер учаскелерін Ақтөбе қаласының шегіне қосу бұрынғы жер пайдаланушылар мен жер иелерінің пайдалану құқығын тоқтатуға әкелмейді. Жерлерді қала шегіне негізді енгізгеніне қарамастан, құрылыс жүргізбейінше немесе жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлер санатына ауыстырылғанға дейін олар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жатады.

Бас жоспарда қаланың сыртқы шекараларын, қаланың аудандарға ішкі бөлінуін, бас жоспарда ұсынылған аумақты аймақтарға бөлуді, қолданыстағы ауылдық елді мекендер аумақтарының шекараларын, әртүрлі құрылыстарды, нысаналы аймақтарды, ортақ пайдалануды, көгалдандыруды және т.б. бөле отырып, оларды дамыту перспективасымен сақтау ұсынылады, қалған аумақтар негізгі қызметін азық-түлік өндірісіне мамандандыра отырып, ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығының да, мал шаруашылығының да негізгі салаларын дамыту үшін барынша пайдаланылады.

Ол үшін Бас жоспарда Ақтөбе қаласының аумағын кеңістіктік-функционалдық белгілері бойынша аймақтарға бөлу көзделді:

1. Ақтөбе қаласының тарихи орталығын және шағын автомобиль айналма жолымен шектелген аумақты қамтитын қаланың орталық бөлігі көп қабатты және орта қабатты құрылысы бар аймақ болып табылады;

2. Үлкен айналма автомобиль жолымен шектелген екінші аймақ орта қабатты құрылыс аймағы болып табылады, сонымен қатар мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындар, рекреация объектілері орналасқан;

3. Ауылдық қоныстану және ауыл шаруашылығы өндірісі аймағы (қала шегінің ішінде орналасқан Ақтөбе қаласының қала маңындағы аймағы) Ақтөбе қаласының әкімшілік шекарасымен шектелген. Бұл аумақта үй-жайлық құрылыс көзделеді.

Үшінші аймақта ауылшаруашылық маңызы бар жерлердің басым бөлігі орналасқан. Соңғы кезге дейін бұл аумақтарда ауылдық округтер орналасқан, олардың аумағын 2018 жылы Ақтөбе қаласының құрамына енгізу арқылы ауылдық округтер таратылды.

ҚР Жер кодексінің 107-бабының 3-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Бас жоспарда: Ақтөбе қаласының шекарасына енген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері үшін ауыл шаруашылығын пайдаланудың өзге де функционалдық аймағын белгілеу; әлеуметтік қолдау шараларын ұсына отырып, елді мекенді аумақтық дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған қала құрылысы қызметіне тартылмаған резервтік және өзге де (қала маңындағы аймақтар) аумақтар ұсынылады.

 

 

3-параграф. Функционалдық аймақтардың негізгі регламенттері

Толыққанды тіршілік ортасын қалыптастыру Бас жоспардың шешімдерін нақты іске асырумен тікелей байланысты. Ақтөбе қаласының үйлесімді, эстетикалық кеңістігін құру үшін қала құрылысы регламенттерін сақтау және қала құрылысы мен жобалау құжаттамасын әзірлеу кезектілігін сақтау қажет.

Бас жоспардың негізгі регламенттері аумақты функционалдық пайдалану аймақтарын және оларды пайдаланудың түрлерін, параметрлері мен шектеулерін айқындайтын қала құрылысы регламенттерін белгілейді.

Функционалдық аймақтардың регламенттері салық салу, жалдау ақысы және басқа да төлемдер үшін жерді пайдалануды және олармен байланысты жылжымайтын мүлікті бағалау, жер учаскесін бөлу туралы мәселелерді шешу, әртүрлі құрылыстарды салу және орналастыру жобаларын қарау және келісу, объектілерді салуға рұқсат беру кезінде қолданылады.

Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері Бас жоспардың жобалық шешімдерін одан әрі іске асыру кезінде де қолданылады.

Бас жоспардың жобалық шешімдерін іске асыру кезінде сақталуы қажет негізгі регламенттер:

объект орналастырылатын аймақтың функционалдық мақсатын сақтау жөніндегі регламент;

функционалдық аймақтардың шекараларын сақтау жөніндегі регламент;

көшелер мен жолдардың қызыл сызықтарын сақтау жөніндегі регламент;

бастапқы құрылымдық бірліктердегі тұрғын үй-азаматтық құрылыс көлемін сақтау жөніндегі регламент;

инженерлік желілер мен өндірістік кәсіпорындардың қорғау аймақтарын сақтау регламенті.

Аумақтарды пайдалану жөніндегі әрбір функционалдық-қала құрылысы аймағы өзінің нысаналы мақсатына ие және келешекте осы нысаналы мақсаттың шеңберінде және осы функционалдық аймақтың шекараларында қатаң түрде пайдаланылуы мүмкін.

Аймақтарда ілеспе объектілердің негізгі функциясының учаскелері, сондай-ақ өтпе жолдар астындағы аумақтар, тұрақтар, жасыл желектер, шағын сәулет нысандары, инженерлік қамтамасыз ету объектілері көзделуі мүмкін.

Аймақтың тиісті функцияларына сәйкес келмейтін объектілер меншік нысанына қарамастан орналастыруға қарастырылмайды. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы аймағында Бас жоспармен реттелетін ғимараттардың қабаттылығы сақталуы керек.

 

8-тарау. Аумақты кеңістіктік ұйымдастыру

Жоспарлау құрылымы тұрғын үй, қоғамдық, рекреациялық, өнеркәсіптік, коммуналдық, көлік және басқа да функционалды аймақтардың орналасуы мен өзара байланысын көрсететін қазіргі заманғы қаланың кеңістікте ұйымдастырудың негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.

Қаланың перспективалық жоспарлау құрылымы мен функционалдық аймақтарға бөлінуінің, көлік қаңқасының негізіне қаланың тарихи қалыптасқан құрылымын сақтау, сондай-ақ қала құрылысы жүйелерінің қазіргі даму үрдістерін ескеру жатқызылған.

Елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы:

- құрылыс салынған аумақтың ауданы – 15239,6 гектар, құрылыстың 1-кезегіне – 20204,3 гектар, есептік мерзімге – 26612,1 гектар;

- құрылыс салынбаған аумақтың ауданы – 218518,4 гектар, құрылыстың 1-кезегіне – 213553,7 гектар, есептік мерзімге – 207145,9 гектар.

Жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар – 62059,8 гектар,  құрылыстың 1-кезегіне – 44032,8 гектар, есептік мерзімге – 36192,7 гектар қала шекарасында, тұрғын үй құрылысына жатпайтын жерлерде орналасқан (қазіргі уақытта).

Ақтөбе қаласының тарихи дамуы қаланың тыныс-тіршілігі жүйелерінің дамуын, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, жоспарлы шектеулердің болуын ескере отырып, қала тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын құру және оның құрылымы мен функционалдық аймақтарының қалыптасуын алдын ала айқындайды. Қалада аумақты өнеркәсіптік және селитебтік функционалдық бөлу қалыптасты: қаланың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі екі ірі өндірістік аймақ, Алматы және Астана аудандарындағы тұрғын аудандардың құрылымы.

Ақтөбе қаласын перспективті әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамытудың жобалық шешімдері нұсқалық негізде қабылданды. Нұсқаларды салыстырудың есептік көрсеткіштері үшін тұрақты шама ретінде халық саны мен халықты қоныстандыру үшін қажетті тұрғын үй қоры алынды. Бұл ретте өнеркәсіптік аумақтардан және су қорғау аймақтары мен белдеулерінен, сібір жарасының ошақтарынан санитарлық қорғау аймақтарынан, зираттардан және әуежайдың әсер ету аймағынан барлық жоспарлау шектеулері ескерілді.

Аумақты кеңістікте ұйымдастырудың негізгі идеясы Елек өзенінің жайылмасы мен оның салалары бойында сулы-желекті кеңістіктерде экологиялық жайлы тіршілік ету ортасы бар ықшамды қалалық құрылымды құру болып табылады.

Ықшам урбанизацияланған қалалық ядро тарихи кварталдарды, қоғамдық орталық жүйесінің негізгі тораптарын, бульварларды, саябақтарды, скверлерді қамтиды.

Халықтың тіршілік әрекетінің экологиялық қолайлы ортасын қалыптастыруда жағалаулары мен жағажайлары, ҮАААЖ және шағын көлік айналма бойындағы арналармен және орман қорғау жасыл аймақтарымен толықтырылған жайлы қоғамдық аймақтары бар өзен арналары бойындағы су-желек кеңістіктердің рөлі маңызды.

Абаттандыру деңгейі жоғары, инклюзивті ортасы бар тарихи кварталдар Ақтөбе қаласының солтүстік-батыс бөлігінде Жилгородок тұрғын үй алабымен, Ғазиза және Ахмет Жұбановтар алаңымен, филармониямен және мәдениет сарайымен, сондай-ақ теміржол вокзалы мен қалалық базар аймағындағы тарихи кварталмен қарастырылған. Жалпықалалық орталық жүйесі Бас жоспармен ұсынылған этномәдени орталық ән аренасымен, ипподроммен және қаланың шығыс өсінде орналасқан шеберлер қаласымен толықтырылады.

Бас жоспарда үш аймақ нақты белгіленген:

көп қабатты қалалық тұрғын үй құрылысы аймағы (ішкі кіші айналма жолдың шекарасындағы орталық ядро);

орта қабатты тұрғын үй құрылысы аймағы (ҮАААЖ шекарасында);

ҮАААЖ мен Ақтөбе қаласының шекарасы арасындағы аз қабатты тұрғын үй құрылысы аймағы (ауылдық қоныстану).

Ақтөбе қаласының жобаланатын аумағын ұйымдастыру бойынша жобамен ұсынылатын шешімдер көп қабатты және орта қабатты құрылыстың тұрғын аудандарынан, бір қабатты үй құрылысы кварталдарынан, сауда, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету және демалыс кәсіпорындары бар қалалық қоғамдық орталықтан, жоспарлау аудандарының қоғамдық орталықтарынан, рекреациялық және өнеркәсіптік-қойма аймағынан тұратын толыққанды қалалық құрылымды қамтамасыз етеді.

Қаланың жоспарлау құрылымының маңызды элементі алаңы, қоғамдық нысандары мен қызмет көрсету нысандары бар жалпы қалалық тарихи-мәдени және әкімшілік орталық құрылған қаланың сақталатын тарихи бөлігі болып табылады.

Қаланың тарихи ядросы негізгі доминант болып табылады, одан төрт бағытта үш айналма жолмен бір құрылымға біріктірілген негізгі жалпы қалалық магистральдар өтеді. Магистраль аралық аумақтардың бөлінісі көшелердің тікбұрышты орамдық жүйесімен ұсынылған.

Жаңа құрылыстың негізгі көлемі батыс, оңтүстік-шығыс және ішінара солтүстік бағыттардағы жаңа көлік айналмалары арасындағы аумақта жоспарланған. Қалаға кіру магистральдарының бойында тарихи орталықпен және рекреациялық аймақтармен өзара байланысатын қала құрылысы тораптарының жүйесі құрылатын болады.

Ең маңызды қала құрылысы тораптарында қала үшін маңызды объектілер салынады, мысалы: Димаш-арена, шетелдік туристерді тартатын бірегей объектілері бар этно-мәдени саябақ, фольклорлық ауыл, «Астана-арена» үлгісіндегі олимпиада стадионы және т.б. Этно-мәдени саябақты құру және ұлттық өнер түрлерінің орталығын қалыптастыру Бас жоспардың ең қызығарлық ұсыныстарының бірі болып табылады.

Батыс бағытта Үлкен сыртқы айналма жолға шығатын және Хромтау (Хромтау тас жолы) жағынан шығыстан кіреберіс қақпасы болып табылатын магистральдық көше бойында қонақ үймен және мектеп лагері бар жоғары қабатты ғимараттармен құрылыс салу ұсынылады (9 қабатты және одан жоғары).

Песчанка өзенінің қиылысында спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектілері және мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері бар жаңа қала құрылысы торабы қалыптасады: дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт залдар, спорт алаңдары, үсті ашық және жабық бассейндер, перинаталдық орталық, психоневрологиялық диспансер және әмбебап клиника.

Сонымен қатар, мұнда сауда ойын-сауық орталығын, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын орналастыру ұсынылады. Нысандар магистральдық көше мен тұрғын көшелер бойында дисперсті түрде орналастырылады, олардың арасында қолайлы микроклимат құра отырып, кең көгалдандырылған жайылмасы бар өзен өтеді.

Әрі қарай Рауан-2 көпқабатты құрылысының тұрғын алабы ауданында қала үшін аса тартымды ірі қала құрылысы торабы – ауданы бойынша үлкен көгалдандырылған аумақты алып жатқан, маңызы жағынан үлкен объектілері бар этномәдени саябақ, еуропалық стандарттар деңгейінде абаттандырумен көгалдандырылған кеңістіктер бар әмбебап спорт зал, стадион мен қонақ үй, сауда ойын-сауық орталығы, концерт залы мен филармониясы бар Димаш-арена және аквапарк қалыптасады.

Бұл орталық Ақтөбені әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын Қазақстанның өңірлік туризм орталығы ретінде позицияланатын бірегей қалаға айналдырады.

Қаланың оңтүстік бөлігінде бірінші шағын айналма жолының Елек өзенімен және Ақтөбе су қоймасымен қиылысы ауданында саябақтар мен скверлер жүйесі бар рекреациялық аймақты: тақырыптық саябақты қамтитын оқушылар сарайын, филармонияны, пансионаттар мен демалыс үйлерін, дендросаябақты, инновациялық технологиялар саябағын, спорт саябағын қалыптастыру ұсынылады.

Оңтүстік-батыс бөлігінде Сазды су қоймасы ауданында гольф саябағы, «Сазды» орман саябағы бар Сазды рекреациялық-ландшафтық аймағын құру ұсынылады. Су қоймасының жағалауында желекжолдар, шағын сәулеттік нысандар және демалуға арналған самалжайлары бар ұйымдастырылған жағажайлар ұсынылады.

Қаланың солтүстік бөлігі тұрғын үй-азаматтық құрылыс салуға қолайсыз аумақтар болып саналады, осыған байланысты ауданда «Жасыл Төбе» орман саябағы аймағын, Қарғалы ландшафты рекреациялық ауданын және солтүстік-шығыстағы Сатыбаноба көлі маңында – 8 көл рекреациялық саябақты құру ұсынылады. Қаланың әртүрлі бөліктерінде көгалдандырылған кеңістіктердің бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін Елек агросаябағын, Солтүстік-Шығыс Қарғалы агросаябағын, Талды ландшафты аймағын, Елек ландшафты аймағын, Сазды рекреациялық-ландшафты аймағын және т.б. аймақтарды құру ұсынылады.

Жалпы қалалық орталықтар жүйесін дамыту халықтың күнделікті және мерзімді қызмет көрсету объектілеріне қадамдық қолжетімділігін ескере отырып орындалды. Халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы ортасын құру үшін әлеуметтік-мәдени сала объектілерімен (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет) толық көлемде қамтамасыз етілетін болады. Әрбір тұрғын ауданда қаланың қоғамдық орталықтарының бірыңғай жүйесін қалыптастыратын аудандық маңызы бар қоғамдық орталықтар орналасқан.

Сондай-ақ жобада өнеркәсіптік аймақтар мен коммуналдық-қойма және көлік-логистикалық орталықтардың аумақтарын сабақтас дамыту көзделеді.

Ақтөбе қаласы батыс өңірінің жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі болғандықтан, осы жоба қолда бар ресурстар: Солтүстік индустриялық аймақ пен Оңтүстік индустриялық екі ірі индустриялық аймақты қалыптастыруды ұсынады. Осы аймақтардың әрқайсысында экономика салалары бөлінісінде мамандандырылған индустриялық парктерді орналастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Негізгі магистральдар жүйесі осы құрылымдарға жалпықалалық орталық жүйесімен байланысты, айналма магистральдар жүйесі (ішкі және сыртқы) осы аудандардың қаланың негізгі өнеркәсіптік аймақтарымен байланысын қамтамасыз етеді.

Қала аумағында қолайлы микроклимат құру және аумақтарды тасқын сулардың су басуынан инженерлік қорғау үшін кіші айналма жол мен Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮАААЖ) бойында суару үшін пайдаланылатын еріген суды  жинауыш тоғандары, беткей арнасы бар қорғаныш жасыл аймақ құру жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақтөбе қаласының айналасындағы жобаланатын жасыл белдеу қалалық орман саябақтарымен, қала аумағы арқылы ағып жатқан өзендердің жайылмаларымен, ірі қалалық саябақтармен, саяжолдармен және желекжолдармен өзара байланысты.

Ә. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы қала шекарасында орналасқандығына және оның қорғау аймағына қолданыстағы құрылыстың едәуір бөлігі түсетіндігіне, сондай-ақ Батыс көпқабатты тұрғын алабының құрылысы жүргізіліп жатқандығына байланысты жобамен әуежайды оңтүстік-батыс бағыттағы жаңа Нұрбұлақ-1 алаңына шығару ұсынылады.

Әуежайды сыртқа шығару кезінде оның қолданыстағы аумағындағы бүлінген жерлерді қалпына келтіру қажет. Содан кейін дайындалған алаң көп қабатты тұрғын үйлер, қоғамдық және коммуналдық құрылыс, рекреациялық аймақтар салу үшін резервке қойылады.

Қаланың перспективалық әлеуметтік-экономикалық, аумақтық дамуы және аумақтарды архитектуралық-кеңістіктік ұйымдастыруы үшін резервтік аумақтар негізінен қолданыстағы қаланың оңтүстік бөлігінде көзделген.

 

9-тарау. Көгалдандырылған кеңістік жүйесін ұйымдастыру

Қарастырып отырған аумақтың көгалдандырылған кеңістігін ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамасы – құрылымы қаланы кесіп өтіп ішкі қалалық кеңістікті табиғи-экологиялық және жасыл белдеумен байланыстыратын өзендердің арналарымен, кең сулы-саябақтық белдеулермен қалыптасатын жасыл қаңқаны құру болып табылады.

Жобада ұсынылған көгалдандыру кеңістігін ұйымдастыру жүйесі табиғи-климаттық жағдайларға, сәулет-жоспарлау шешімдеріне, сондай-ақ қазіргі қалыптасқан көгалдандыруға негізделеді. Жобада қазіргі барлық екпелерді елді мекеннің көгалдандырылған кеңістіктерінің жалпы жүйесіне қосу көзделеді.

Перспективада жаңа қызықты гүлбақтар мен саябақтарды құру арқылы қаланың ескі және жаңа бөліктерінде жаяу жүргіншілерге арналған серуендеу аймақтары мен негізгі магистральдық көшелер бойындағы бульварлардың кең жолақтарымен біріктірілген, тұрғындарға бір саябақтан немесе алаңнан екіншісіне жасыл жаяу жүргіншілер кеңістігі арқылы жүруге мүмкіндік беретін қаланың жалпы тұйық жасыл желектер жүйесін құру ұсынылады.

Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың тұрғын аудандарын көгалдандыруға аса көңіл бөлінеді. Жобамен жобаланатын көп қабатты тұрғын үй құрылысының аула аумақтарын көгалдандыру ұсынылады.

2022 жылғы 1 қаңтардағы Ақтөбе қаласы халқының 523,7 мың адам санына қарай жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектердің ауданы бір адамға 16 м2 нормативке сәйкес 837,9 га болуы тиіс.

Жасыл желектердің нормативтік ауданына қол жеткізу мақсатында қаланың барлық аудандарында жаяу жүргіншілер мен саябақ аймақтарын, саяжолдар мен орман саябақтарын жайластыру арқылы кемінде 486,9 га жаңа көгалдандырылған алаңдарды құру қажет.

2030 жылға қарай бірінші кезектің соңында халықтың күтілетін саны 636,9 мың адамды құрайды, бұл ретте жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектердің ауданы 1 019,5 га құрауы тиіс. 2050 жылға қарай есептік мерзімнің соңында Ақтөбе қаласының халық саны 950,0 мың адамды құрайды, тиісінше, жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектердің ауданы 1 520 га құрауы тиіс.

 

10-тарау. Көлік инфрақұрылымы және көше-жол желісі

Ақтөбе агломерациясында тармақталған көлік инфрақұрылымының қуатты қаңқасы қалыптасқан. Агломерация орталығы Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан өңірлерінің аумағында хаб-қала ретінде позицияланады.

А.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы қала шекарасында орналасқандықтан және оның қорғаныш аймағына қолданыстағы құрылыстың едәуір бөлігі түсетіндіктен жобамен әуежайды оңтүстік-батыс бағыттағы жаңа Нұрбұлақ-1 алаңына шығару ұсынылады.

Жаңа әуежай Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы әуе тасымалы үшін транзиттік байланыстырушы түйін болады және ірі халықаралық және мультимодальды көлік торабына айнала отырып, ішкі және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы үшін жақсы шарт-жағдайларды қамтамасыз етеді.

Теміржол көлігіне келетін болсақ, Бас жоспар персективада ұсынады:

есептік мерзімге жобаланатын Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮАААЖ) бойында батыс жағынан теміржол айналма жолын (40,0 км) салу;

Ресей Федерациясының аумағын айналып өтетін байланысты қамтамасыз ететін Орал қаласына (Батыс Қазақстан облысы) дейін теміржол тармағын салу. Болашақ Ақтөбе-Орал теміржол желісінің батыс бөлігін қолданыстағы республикалық маңызы бар жүрдек автомагистральға (М-32) параллелді төсеу орынды. Жобалау шекарасындағы теміржол тармағының ұзындығы 10,0 км құрайды.

Ақтөбе қаласының селитебтік аумағы арқылы өтетін темір жолдың орнында жолаушылар рельсті көлік желісінің құрылысы көзделеді. Жолаушылар рельсті көлігінің жүру жолдары бойында ЖРК желісіне (аялдамалар, тежегіш тұрақтар, трамвай депосы және т.б.), жасыл дәлізге (бульварға), веложол инфрақұрылымына, коммерциялық, кеңсе объектілері бар қоғамдық аймақтарға, рекреациялық аймақтарға қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылымдық объектілерді ұйымдастыру көзделеді. Осы аумаққа орындалатын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында босатылған аумақтарды басқа функцияларға пайдалану мәселелері де қаралатын болады.

Ақтөбе қаласының аумағы арқылы бірнеше өзендер мен олардың салалары ағып өтеді, аумақта Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Ең үлкен өзендер мен су қоймаларын халық рекреацияға және балық аулау үшін пайдаланады. Бас жоспармен перспективада «трамвай-кабриолеттер», өзен трамвайларын, жолаушылар катамаран-теплоходтарды пайдалана отырып, суға шөгу тереңдігі төмен кемелерде халықтың демалуы үшін туристік және экскурсиялық кеме қатынасын ұйымдастыру ұсынылады.

Ақтөбе қаласы – Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі ірі көлік тораптарының бірі, Қазақстанның басқа өңірлерімен және Ресейдің іргелес облыстарымен мемлекетаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісімен байланыстырылған.

Даму перспективасы:

І техникалық санаттағы республикалық маңызы бар Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮАААЖ) (68,7 км) құрылысы (есептік мерзім);

І техникалық санаттағы республикалық маңызы бар Батыс айналма жолының құрылысы (есептік мерзім үшін);

І техникалық санаттағы республикалық маңызы бар Үлкен көліктік айналма жолын (ҮКА) салу (есептік мерзім);

эстакадаларда сегіз бұрылмалы ілмектер салу, М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автожолының «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» учаскесін 763-1025 км, «763-791 км учаскесі» қайта жаңарту;

айналма жолдардың республикалық және облыстық маңызы бар автожолдармен қиылыстарында жобамен екі деңгейлі көлік жол айрықтарын салу көзделеді.

Бас жоспарда көше желісінің тікбұрышты схемасы сақталады және одан әрі дамиды, ол жаңа магистральды учаскелерімен және қолданыстағы көшелерді кеңейтумен, оны тікбұрышты-радиалды көшеге айналдырумен толықтырылады, сондай-ақ жаңа көпірлер мен жол айырықтарын салу, жалпықалалық және аудандық маңызы бар жолдардың жүру бөлігін кеңейту, жол санаттарын арттыру көзделген. Қаланың көлік жүйесін жетілдіру бойынша негізгі міндеттер:

көліктік байланыстарды ұйымдастыру;

қаланың қалыптасқан функционалдық аймақтарының өзара байланысын жақсарту;

көшелердің өткізу қабілетін арттыру;

көше-жол желісін абаттандыруды арттыру.

Келешек кезеңдер бойынша көше-жол желісінің ұзындығы: бірінші кезек - 594,97 км, есептік мерзім - 978,61 км. Көше-жол желісімен перспективалық қамтамасыз етілу: бірінші кезек - 2,2 км/км2, есептік мерзім - 2,4 км/км2 құрайды.

Жобамен мына қиылыстарда жасанды құрылыстар салу көзделеді:

Құрылыстың бірінші кезегінде:

Шағын Көлік Айналмасы (ШКА) құрылысы – М-32 (созу), А-25 (толық беделі жапырақ), КД-1 (толық беделі жапырақ), А-24 (жол өтпесі), М-32 (толық беделі жапырақ) автожолдарымен, 2 эстакадамен қиылысында;

М-32 экстакадаларында сегіз айналмалы ілгектердің құрылысы.

Есептік мерзімге:

Үлкен Ақтөбе Айналма Автожолының (ҮААЖ) оңтүстік бөлігінің құрылысы – М-32 (батыс) (толық беделі жапырақ), М-32 (шығыс) (толық беделі жапырақ), А-24 (толық беделі жапырақ), А-27 (толық беделі жапырақ), КД-5 (толық беделі жапырақ) автожолдарымен, ШКА шығатын 2 жол айырықпен («құбыр» типі) қиылысында;

Әбілқайыр хан даңғылының А.Молдағұлова даңғылымен (толық беделі жапырақ) және Ғ.Жұбанова көшесімен (толық беделі жапырақ) қиылыстарында көлік жол айырығының құрылысы;

теміржол айналып өту жолының құрылысы – М-32 және КД-5 автожолдарымен қиылыстарында екі өтпежол салу;

Үлкен Көлік Айналмасының құрылысы – магистральдық жолдармен қиылысында екі деңгейлі көлік жол айрықтарын салу.

Қалаішілік көліктің жұмысын перспективада ұйымдастыру үшін маршруттық желінің теңгерімді жүйесін әзірлеу, қалаішілік көлік байланыстарын одан әрі жетілдіруді, автобустарды тоқтау үшін қалта салуды, заманауи жабдықталған аялдама пункттерін салуды көздеу қажет.

Автобустардың жүру жылдамдығын арттыру және қоғамдық көлікте жүретін жолаушылардың уақыт шығындарын азайту үшін жобамен қоғамдық көлікке арналған белгіленген жолақтарды жайластыру ұсынылады.

Ақтөбе қаласы бойынша халықтың жүріп-тұруына, шалғай аудандардың орталықпен қатынауына кететін уақытты азайту үшін Бас жоспарда жолаушылар жеңіл рельсті көлігі желісін салу көзделеді.

Жеңіл рельсті көлік желісі батыстағы Құрашасай тұрғын алабынан М-32 «РФ шекарасы (Самара)-Шымкент» автожолы бойымен, Едіге батыр даңғылы, А.Молдағұлова даңғылы, Кеңес Нокин даңғылы, Д.А.Қонаев көшесі, Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, Рауан темір жолы бойымен және әрі қарай Р-50 «Ақтөбе қ. Солтүстік айналма» қиылысынан М-32 «РФ шекарасы (Самара) – Шымкент» автожолы бойымен өтеді. Жүйе өзіне 18 бекетті қамтиды, олардың орналасуы шамамен 1,5-2,0 км арасында болады.

Жобалау шекарасындағы жеңіл рельсті көліктің  ұзындығы екі бағытта 101 км құрайды.

Депо құрылысы Р-50 «Ақтөбе қ. Солтүстік айналма» автожолымен М-32 «РФ шекарасы (Самара) – Шымкент» трассасының қиылысының оңтүстік-шығысында Бекқұл баба ТА ауданында ұсынылады.

Бас жоспармен перспективада қалада велосервистің әртүрлі түрлерін құру, жаңа аудандарда веложолдар салу және оларды тиісті жол белгілермен қамтамасыз ету ұсынылады. I-ші кезекке қолданыстағы көше-жол желісінде 51,5 км, есептік мерзімге 115,0 км веложол салу жоспарлануда.

 

11-тарау. Инженерлік инфрақұрылым

1-параграф. Сумен жабдықтау

Перспективада Ақтөбе қаласын сумен жабдықтауды қолданыстағы Құндақтақыр және Елек жерасты көздерінен жүзеге асыру ұсынылады. Ақтөбе қаласы ауданында бекітілген қорлары бар жер асты суларының жалпы балансы тәулігіне 424,3 мың м³/тәулік құрайды, бұл 2050 жылға арналған су қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Ақтөбе қаласын үздіксіз сумен жабдықтау және сапалы сумен қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе қаласының Жоғарғы Қарғалы бастоғанынан Төменгі Қарғалы бастоғанының 2-ші сатыға көтеру сутартқышын қайта жаңарту» жұмыс жобасы әзірленді.

Жобада: диаметрі 600 мм Төменгі Қарғалы 2-ші сатыға көтеру сорғы станциясына дейінгі арынды су құбырларының екі желісін салу; диаметрі 150 мм қосқыш сутартқышты салу көзделеді.

Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау схемасы Жоғарғы Қарғалы, Құндақтақыр, Елек оң жағалауы және сол жағалауы жер асты суларын, сондай-ақ Тамды су жинағыштарын пайдалана отырып, қолданыстағы схема бойынша сақталады.

Жобаланатын магистральдық су құбыры желілерінің болжамды ұзындығы (диаметрі 100-800 мм) есептік мерзімге шамамен 387,8 км құрайды, оның ішінде құрылыстың 1-кезегіне – 66,1 км.

Құрылыстың бірінші кезегіне су тұтынудың жиынтық есептік көлемі 274,23 мың м³/тәулік немесе 100 544 мың м³/жыл құрайды, оның ішінде:

шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне: 228,36 мың м³/тәулік, 83 726 мың м³/жыл;

өндірістік қажеттіліктерге: 45,67 мың м³/тәулік, 16 745 мың м³/жыл;

өзге қажеттіліктерге: 0,2 мың м³/тәулік, 73 мың м³/жыл.

Есептік мерзімге су тұтынудың жиынтық есептік көлемі: 411 мың м³/тәулік немесе 150 046 мың м³/жыл құрайды, оның ішінде:

халықтың шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерге: 342,0 мың м³/тәулік, 124 856 мың м³/жыл;

өндірістік қажеттіліктерге: 68,4 мың м³/тәулік, 24 971 мың м³/жыл;

өзге қажеттіліктерге: 0,6 мың м³/тәулік, 219 мың м³/жыл.

Бас жоспар шеңберінде сумен жабдықтау жүйелерін дамыту көздейді:

Бірінші кезекке:

жалпы ұзындығы – 66,1 км, диаметрі 100-800 мм магистральдық су құбыры желілерін салу.

қолданыстағы магистральдық су құбыры желілерін жаңғырту – 92 км;

ауыз су резервуарларын салу (әрқайсысы V-10000 м³) – 16 бірлік.;

халыққа берілетін ауыз су сапасының мониторингін ұйымдастыру;

суды қайта пайдалану арқылы суды пайдалануды оңтайландыру жобаларын әзірлеу.

Есептік мерзімге:

жалпы ұзындығы – 321,7 км, диаметрі 100-800 мм магистральдық су құбыры желілерін салу.

қолданыстағы магистральдық су құбыры желілерін жаңғырту – 70 км;

ауыз су резервуарларын салу (әрқайсысы V-10000 м³) – 10 бірлік;

халыққа берілетін ауыз су сапасының мониторингін ұйымдастыру;

Ақтөбе қаласын сумен жабдықтау үшін жер асты су қорларын қайта бағалау.

 

2-параграф. Су бұру

Бас жоспарда әрбір әкімшілік аудан үшін ағынды суларды тазарту құрылыстарының жаңа кешендерін салу көзделген. «Алматы» әкімшілік ауданы үшін тазарту құрылыстары кешені Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, «Астана» әкімшілік ауданы үшін – солтүстік-батыс бөлігінде орналасатын болады.

Тазарту құрылыстарының әрбір кешені таза суды үнемдеуге мүмкіндік беретін, орман екпелерін суару үшін тазартылған ағынды суларды қайта пайдалана отырып, тазарту дәрежесін қамтамасыз ететін, ағынды суларды терең тазарту станциясы болып табылады. Тазартылған ағынды суларды су жинауыш тоғанына ағызу қажет.

Бұдан басқа, Бас жоспарда су бұру жүйесін қайта жаңарту көзделеді, ол құрылыс салумен кварталдарды кәріз желісімен қамтамасыз ету және құбыр-су учаскелерін ауыстыру мақсатында желілерді кеңейтуден тұрады (кәріз желілерінің тозуы 78,2% құрайды). Қалаішілік кәріз желілері диаметрі 200-1000 мм деп жобаланған. Су бұру жүйесінің кеңеюіне байланысты ағынды сулардың құрамы өзгереді, олардың шығыны артады, демек ағынды суларды кәріз сорғы станциясына жеткізетін қысымды құбыржолдардың диаметрі артады.

Диаметрі 200-1000 мм жобаланатын магистральдық кәріз желілерінің болжамды ұзындығы перспективаға шамамен – 393,6 км, оның ішінде құрылыстың 1-кезегіне – 90,6 км құрайды.

Ақтөбе қаласы үшін құрылыстың бірінші кезегіне арналған су бұрудың жиынтық есептік көлемі 234,18 мың м³/тәулік немесе 85 663 мың м³/жыл құрайды.

Ақтөбе қаласы үшін есептік мерзімге су бұрудың жиынтық есептік көлемі 350,6 мың м³/тәулік немесе 127 851 мың м³/жыл құрайды.

Бас жоспар шеңберінде су бұру жүйелерін дамыту мынадай іс-шараларды көздейді:

Құрылыстың 1-ші кезегіне:

диаметрі 200-1000 мм, ұзындығы 90,6 км магистральдық кәріз желілерін салу;

қолданыстағы магистральдық кәріз желілерін қайта жаңарту – 60 км;

кәріз сорғы станциясын жобалау және салу – 2 бірлік.;

қолданыстағы кәріз сорғы станциясын қайта жаңарту – 19 бірлік.;

ағынды суларды тазарту және тұнбаларды өңдеудің заманауи технологияларын енгізе отырып, тазарту құрылыстары кешендерін жобалау және салу – 2 бірлік;

тазартылған ағынды суларды жинақтауыштарды жобалау және салу;

ағынды суларды тазарту мониторингін жүргізу;

бүкіл халық үшін орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді жүзеге асыру.

Есептік мерзімге:

диаметрі 200-1000 мм, ұзындығы 303,0 км магистральдық кәріз желілерін салу;

қолданыстағы магистральдық кәріз желілерін қайта жаңарту – 44,5 км;

кәріз сорғы станциясын жобалау және салу – 20 бірлік;

қолданыстағы кәріз сорғы станцияларын қайта жаңарту – 14 бірлік.;

ағынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің заманауи технологияларын енгізе отырып, тазарту кұрылыстары кешендерін кеңейту – 2 бірлік;

тазартылған ағынды сулардың жинақтауыштарын кеңейту;

ағынды суларды тазарту мониторингін жүргізу;

бүкіл халық үшін орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді жүзеге асыру.

 

3-параграф. Санитарлық тазалау

Бас жоспарда Ақтөбе қаласында толық циклді қоқыс өңдеу зауытын салу көзделген. Бұл ретте қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану мерзімі өткеннен кейін қалпына келтіру қажет болады. Жаңа полигон құрылысын 2032 жылға қарай жүзеге асыру қажет, өйткені осы мерзімге қолданыстағы полигонды пайдалану мерзімі аяқталады.

Сонымен қатар, 2024 жылы Ақтөбеде қоқыс сұрыптау кешенін іске қосу қажет.

Жаңа полигон барлық экологиялық талаптарды ескеруі керек: сүзінді топыраққа түспеу, жер асты суларын ластамау, атмосфераға зиянды шығарындылар болмау. Заманауи технологиялар қалдықтардың әртүрлі энергия өндірісіне айналуын ескереді, мысалы, бұл биогаз және компост.

Ақтөбе қаласы үшін перспективаға тұрмыстық қалдықтардың түзілуінің есептік көлемі: бірінші кезекке – жылына 747,916 мың тонна/жыл, есептік мерзімге – жылына 835,556 мың тонна/жыл құрайды.

Бас жоспар бойынша санитарлық тазалауды дамыту мына шараларды көздейді:

Бірінші кезекке:

қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жобалау;

қоқыс өңдеу зауытын жобалау;

қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м³) – 4 492 дана.;

автокөлік сатып алу (оның ішінде суару-жуу, сыпыру-жинау, ассенизациялау, қоқыс жинау, қар тиеу, құм (хлорид) шашатын автомашиналар) – кемінде 7 900 бірлік.

Есептік мерзімге:

екі жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу;

қоқыс өңдеу зауытын салу;

қолданыстағы полигонды қалпына келтіру;

қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м³) – 5 583 данаға дейін.;

автокөлік сатып алу (оның ішінде суару-жуу, сыпыру-жинау, ассенизациялау, қоқыс жинау, қар тиеу, құм (хлорид) шашатын автомашиналар) – кемінде 10 245 бірлік.

 

4-параграф. Электрмен жабдықтау

Болжамды есептеулерге сәйкес электр тұтыну деңгейі мен жүктеме максимумының өсуі бірінші кезекке 4 792 млн кВт сағатқа және 850 МВт жетеді деп күтілуде, есептік мерзімге – сәйкесінше 5 736 млн кВт сағат және 1 035 МВт. Ақтөбе қаласы бойынша қуаттылық тапшылығы есептік кезеңде 700 МВт дейін күтіледі (оның ішінде 1 кезекке шамамен 500 МВт).

Ақтөбе қаласының негізгі өндіруші көзі Ақтөбе ЖЭО болып табылады. Өндіруші көздерді 1-ші кезекке дамыту 2022 жылы ЭМ бекіткен 2022-2028 жылдар кезеңіне арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес қабылданды, оған сәйкес ГТҚ орнатумен қуаты 57 МВт Ақтөбе ЖЭО кеңейту көзделеді.

Есептік мерзімге Ақтөбе қаласында 300 МВт жуық жеке өндіру көздерін дамытуды көздеу қажет, оны Ақтөбе ЖЭО қайта жаңартуды және белгіленген қуаттылықты ұлғайтуды ескере отырып, қосымша 50 МВт мөлшерінде орындауға болады және өнеркәсіптік тұтынушылардың қажеттіліктері үшін шығыс және батыс бөлігінде қуаттылығы шамамен 2×125 МВт болатын екі ГТҚ орналастыру (БМК-дан жылу жүктемелерін жабу шартымен) қажет. Сонымен қатар, жылу және электр жүктемелерін жабу үшін ПГҚ орнатуды балама түрінде қарастыруға болады.

Ақтөбе қаласы тұтынушыларының электр энергиясы мен қуатының тапшылығын Ақтөбе облысында орналасқан ЖЭК-нен 110-220 кВ электр желілері бойынша жабылатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған Ақтөбе облысында жаңартылатын электр энергиясының көздерін төмен көміртекті дамытуға арналған бағытқа сәйкес есептік кезеңде Ақтөбе облысында жаңартылатын электр энергиясының көздерін 1000-2000 МВт кең ауқымда өсуі көзделеді.

Газ генерациясын дамыту перспективалары Қазақстанда жаңартылатын электр энергиясының көздерін интеграциялау үшін маневрлік қуаттарды ұлғайту қажеттілігімен байланысты және газ генерациясын енгізу жөніндегі барлық шешімдер Қазақстан Республикасының Бірыңғай энергетикалық жүйесінің жалпы энергетикалық теңгерімін байланыстыра отырып, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлей отырып, экономикалық негіздемелер негізінде қабылдануға тиіс.

Бірінші кезекке және есептік мерзімге Ақтөбе қаласының электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыты:

қала айналасына 220 кВ екі ҚС құрумен 220 кВ сыртқы желілерді күшейту (жаңа-4 Оңтүстік, Жаңа-3 Батыс), бұл 220 кВ желілері (220 кВ Орск – Ақтөбе ҚС) бойынша мемлекетаралық транзиттік ауысымын болдырмауға мүмкіндік береді;

тұтынушылардың жүктемелерін 110/10 кВ жаңа қосалқы станцияларға ауыстыру және 220 кВ тіректік қосалқы станцияларының жүктемесін қамтамасыз ету (220 кВ Ақтөбе ҚС, 220 кВ Ақжар ҚС, 220 кВ Жаңа-3 Батыс ҚС, 220 кВ жаңа-4 Оңтүстік ҚС);

тірек 220 ҚС-нан радиалды блок схемалары бойынша 110/10 кВ жаңа ҚС салу (КЛ 110 кВ КЖ-мен Жаңа-2 Парасат, Жаңа-5 Жіңішке, Жаңа-1 Баянауыл, Жаңа-4 Оңтүстік);

физикалық және моральдық жағынан ескірген электр желілік объектілерді қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, трансформаторларды жоғары қуатқа ауыстыру (110/10 Заречная, 41 Разъезд, Қалалық, Сазды, Елек, Сүт зауыты ҚС), шығындарды азайту және қосарланған трансформацияны болдырмау үшін қаланың орталық бөлігіндегі 35 кВ желілерін біртіндеп жою;

қаланың селитебтік бөлігіндегі 110 кВ әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру;

тұтынушыларға тікелей орнатылған «ақылды» есептегіштер (Smart Meters) жүйесіне және «ақылды» желіге (Smart Grid) негізделген «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыру;

энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мәселелерін күшейту;

бөліп таратылатын өндіруші көздерді енгізу (10 кВ тарату желілеріндегі шатыр қондырғылары және т.б.).

 

5-параграф. Жылумен жабдықтау

2050 жылға дейінгі перспективаға өнеркәсіптің жылу тұтынуын болжамды бағалау қазіргі экономикалық қатынастарды, меншік нысанының өзгеруін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылатын кәсіпорындарда прогрессивті энергия үнемдеу технологияларын белсенді енгізуді, жылу энергиясын есепке алу және бақылау аспаптарын орнатуды ескере отырып, қалыптасқан өнеркәсіптік аймақтар шекараларында кәсіпорындарды дамытудың қабылданған стратегиялық бағытын негізге ала отырып орындалды.

Бас жоспарда Ақтөбе қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың қағидатты бағыттары әзірленді. Жы  лумен жабдықтаудың неғұрлым ұтымды жүйесі (оның ішінде тұрғын үйлерде топтық жылу алмастырғыштар орната отырып, ыстық сумен жабдықтау жүйесі бойынша жабық жүйеге ауыстыру) жылумен жабдықтау схемасын және жылу желілері мен жылу көздерін қайта құру және дамытудың техникалық-экономикалық негіздеуін әзірлеу сатысындағы техникалық-экономикалық және экологиялық есептеулер негізінде мүмкін нұсқаларды салыстырумен айқындалады.

Қолданыстағы жылу электр орталығы технологиялық және физикалық тұрғыда ескіргенін ескеру қажет. Алайда, нақты қосылған жылу жүктемесі және оны басқа жылу көздеріне қайта бөлудің мүмкін еместігі жүктемені жабуға мүмкіндік бермейді.

Ақтөбе қаласының орталық жылумен жабдықтау жүйесін дамыту перспективасында жылу электр орталығы қалыптасқан қолданыстағы жылумен жабдықтау аймағының шекарасында көзделеді. Ақтөбе жылу электр орталығы аймағының жылу желілеріне жұмыс істеп тұрған жылу желілерінің шекараларында орналасқан объектілерді қосу ұсынылады, бұл үлкен күрделі шығындарды талап етпейді.

Құрылыс тығыздығы жоғары аудандарда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін дамыту қажет. Газ шығарындыларында улы заттардың шоғырлауны аз болатын ірі жылу көздерін пайдалану шағын жылыту қондырғыларымен салыстырғанда қоршаған ортаны қорғау міндетіне де ықпал етеді.

Қаланың батыс және солтүстік-шығыс бөліктеріндегі бос аумақтарда орналасқан жаңа көп қабатты құрылысты жылумен жабдықтауды жылу қуаты 10 Гкал/сағаттан 100 Гкал/сағатқа дейінгі жаңа топтық қазандықтардан жүзеге асыру ұсынылады.

Жаңа қазандықтардың құрылысы қазіргі заманғы жоғары тиімді негізгі және қосалқы жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ірі топтық қазандықтарды салудың экономикалық тиімділік дәрежесі жаңа құрылысты салу қарқынына байланысты: бұл қарқындар неғұрлым жоғары болса, қазандықтар соғұрлым тезірек қалыпты пайдалану жағдайына шығады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ақтөбе қаласының жылумен жабдықтау жүйесі 2050 жылға дейінгі кезеңде келесідей дамуы тиіс:

Ақтөбе жылу электр орталығы аймағындағы жаңа қоғамдық ғимараттарды және «Aqtobe su-energy group» АҚ қазандықтарын жылумен жабдықтау оларды қайта жаңарту, жаңғырту есебінен қамтамасыз етілетін болады;

«Нұр-Ақтөбе» шағын ауданының ауданындағы жаңа көп қабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтау «Ақтөбе-Сити» қазандығының кеңейтілетін бөлігінен қамтамасыз етілетін болады;

қазіргі таңда жылумен қамтамасыз етілмеген жинақы орналасқан көп қабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жаңа құрылыс аймақтарында табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа топтық блокты-модульді қазандықтар салу көзделуде;

жаңа жеке тұрған қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтауды табиғи газбен жұмыс істейтін қуаты аз блокты-модульді қазандықтар негізінде жаңа автономды жылумен жабдықтау жүйелерінен жүзеге асыру көзделеді;

жаңа аз қабатты жеке және блокталған үйлерді жылумен жабдықтау жабық жану камерасы бар толық зауыттық дайындықтағы автоматтандырылған қазандықтарды пайдалана отырып, автономды жылыту жүйелерімен және пәтерлі қондырғылармен көзделеді;

қолданыстағы және жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен жабдықтау жылумен жабдықтауға арналған кәсіпорындардың алаңдарында орналасқан меншікті қазандықтардан жүзеге асырылады.

 

6-параграф. Газбен жабдықтау

Болжамды бағалау бойынша Ақтөбе агломерациясы аймағында орналасқан өнеркәсіптік-индустриялық сектор тарапынан табиғи газға сұраныс және жаңа тұрғын алаптарын дамыту перспективті 2050 жылға қарай жылына шамамен 5,2 млрд м³/жыл жетуі мүмкін.

Ақтөбе қаласында 3-ші газ құбыры-бұрма желісінің құрылысын іске асыру № 3 автоматтандырылған газ тарату станциясының толық қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.

«ҚазТрансГаз» АҚ салған, өнімділігі сағатына 300 мың текше метр газды құрайтын № 3 автоматтандырылған газ тарату станциясы тек облыс орталығын ғана емес, сонымен қатар қала маңындағы және одан да алыс елді мекендерді де үздіксіз газбен қамтамасыз етуге қабілетті. Станция табиғи газды қолданыстағы объектілерге толық беруге жеткілікті, сонымен қатар оның қуаты перспективаға да жетеді.

Қаланың дамуы мен белсенді тұрғын үй құрылысының салдарынан қолданыстағы № 1 автоматты газ тарату станциясы тұрғын сектордың айналасынан әрі аса алмай қалды. № 1 автоматты газ тарату станциясының магистральдық бұрмасын 1,2 МПа қысыммен жоғары қысымды газ құбыры режиміне ауыстыру қажет, ал № 1 автоматты газ тарату станциясының орнына жаңа бас газ реттеу пункттерін салу қажет.

Тұрғын аудандар, жаңа әкімшілік және қоғамдық ғимараттар құрылысы ұлғайған сайын жоғары, орта және төмен қысымды қалаішілік газ тарату желілерінің жаңа тармақтары салынатын болады.

Халықты, жылуэлектрорталығын, әлеуметтік маңызы бар объектілерді газбен үздіксіз жабдықтау үшін барлық қысымдағы газ тарату желілері сақиналанады.

Бірінші кезекке табиғи газдың жалпы тұтынуы 1 852,0 млн м³/жыл, есептік мерзімге – 2 759,80 млн м³/жыл құрайды. Қала бойынша жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларының жалпы ұзындығы 1-ші кезекке 1 159,5 км, есептік мерзімге – 1 393,5 км құрайды.

 

7-параграф. Телекоммуникация және байланыс

Жаңадан игерілетін және қайта жаңартылатын аумақтарда G-PON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясы бойынша заманауи телекоммуникациялық желіні салу ұсынылады. Қолданыстағы аумақтардың GPON технологиясына біртіндеп көшуін қарастыру ұсынылады.

Ұсынылған FTTH телекоммуникациялық желісі абоненттерге ақпараттандырудың әлемдік көшбасшылары деңгейінде, шексіз көлемде және жоғары сапада жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізу қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезекке желінің номерлік сыйымдылығы 29 454 номерді құрайды. 29 454 номерлі станциялық және желілік имараттардың құрылысын қарастыру қажет.

Есептік мерзімге GPON технологиясы бойынша телекоммуникациялық желінің құрылысын аяқтау ұсынылады. Халық санының болжамды өсуімен желінің номерлік сыйымдылығының өсуі 78 248 нөмірді құрайды. Станциялық және желілік имараттарды 78 248 номерге кеңейтуді қарастыру қажет. Бұл ретте телефон тығыздығы 100 адамға 25 нөмірді құрайды.

 

12-тарау. Аумақты инженерлік дайындау және қауіпті геологиялық және техногендік құбылыстардан қорғау

Ақтөбе қаласының бас жоспарындағы инженерлік дайындау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ықтимал әсер ету аймағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықтың қорғалуын, тыныс-тіршілігін, жайлы тұруын және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар жасау үшін қажетті іс-шаралар мен құрылыстар кешенін білдіреді.

Аумақ мезо-кайнозой шөгінділерінен түзілген және жайпақ-еңісті жазық болып табылатын Ақтөбелік Орал маңында Орал-Ембі үстіртінің шығыс жағынан Каспий маңы ойпатын қоршап тұрған, шеткі шығыс бөлігінің бетінде орналасқан. Аумақ Елек өзенінің І жайылма үсті террасасының жайпақ толқынды бетінде орналасқан. Жазықтың үстіңгі беті қалыңдығы 10-15 метр болатын аллювиал құмды-сазды қазіргі және соңғы төрттік түзілімдерден тұрады. Рельефтің абсолюттік белгісі 371,60-205,30 метр аралығында.

Бас жоспарда көзделген Ақтөбе қаласының аумағын инженерлік дайындау мына іс-шараларды қамтиды:

аумақты тік жайғастыру;

жер үсті ағынын ұйымдастыру;

жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру;

аумақтардың тілімденуін азайту (жыра түзілумен күрес);

аумақты жер асты суларымен су басудан қорғау;

су объектілері мен су ағындарының арналарын абаттандыру;

аумақты су тасқынынан қорғау;

өзендердің жағалау аймақтарын су басудан қорғау.

Жобаланатын аумақта бірқатар теріс физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардың болуы аумақты инженерлік дайындау бойынша бірқатар іс-шараларды жүргізуді талап етеді, олардың ең бастысы жер үсті ағынын реттей отырып, тік жайғастыру болып табылады.

Тік жайғастыру жер бедерінің табиғи формаларын абаттандыру арқылы жүзеге асырылады, бұл селитебті аумақтан жер үсті суларының су бұру торабына ағызуды қамтамасыз етеді. Қолданыстағы құрылыстың да, жобаланған құрылыс учаскелерінің де биіктету шешімі негізгі магистральдық және тұрғын көшелердің өстері бойынша белгілер мен еңістермен ұсынылған.

Солтүстік-батысқа қарай еңісті жер бедері жер жұмыстарының ең аз көлемімен, іс жүзінде табиғи рельефте жер үсті суларын өздігінен ағызу үшін ыңғайлы жолдардың жүргін бөлігі бойынша бойлық еңістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жолдарды салу және төсеу талаптарына рельефті қайта құру және бейімдеу үшін жекелеген учаскелерде аумақты тік жайғастыруды жүзеге асыру көзделген.

Жолдардың жүргін бөліктері мен орамішілік өткелдер көшелердің екі жағында жиектастарды орната отырып, қос еңісті болып жайластырылады.

Өткелдерден атмосфералық суларды ағызу ашық типтегі су жинау кәрізі ретінде атмосфералық суларды бұру функциясын атқаратын арық желісіне көлденең еңістер бойынша жүзеге асырылады. Атмосфералық суларды ағызу жиектастардың ажырамалары арқылы жүзеге асырылады. Нормативтік еңіс жоқ жол учаскелерінде нөсер суларының ағыны көлденең еңіс есебінен жүргізіледі.

Жобалық ұсыныстарға сәйкес ашық жер үсті әдісі кварталдар аумағындағы атмосфералық сулардың су бұру (арық) желісіне түсуіне мүмкіндік береді, ол арқылы ағын одан әрі өздігінен ағумен нөсер ағындарын тазарту құрылыстарына жіберіледі және жасыл желектерді суаруда және жол төсемдерін суаруда техникалық су ретінде пайдаланылады.

Коммуналдық аумақтарда орналасқан аса ластанған учаскелерден (бензин құю станциялары, автомашиналар тұрақтары, автобус станциялары, автожуу орындары) жер үсті ағындары жергілікті тазарту құрылыстарында нөсер кәрізінің арық желісіне ағызбас бұрын қосымша тазартудан өту тиіс.

Бас жобада жыралардың дамуын болдырмау, жою және абаттандыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

Ұзындығы 300 метрге дейін және тереңдігі 10 метрге дейін ұсақ, құрғақ жыралар жойылуға жатады, яғни толық толтырылады. Шағын және тұрақты жер асты ағындары бар жыраларға суды жіберу қажеттілігімен жабық суағар орнату ұсынылады.

Ұзындығы 2000 метрге дейін сипатталатын орташа жыралар үшін беткейлерді кесу немесе террассалау, оларды абаттандыру қажет.

Үлкен жыраларда тегістеу жұмыстарын жүргізу, жыртылған жерлерді толтыру, оларды одан әрі гараждар, қоймалар салу, саябақтар, жасыл аймақтар және су қоймаларын құруда пайдалану арқылы түбін толтыру қажет.

Егер тікжақтаудың шамасы 8% дейін болса (кіші және орта еңістер), онда тікжақтау немесе беткей өсімдіктер мен ағаштарды отырғызу арқылы күшейтіледі. Тікжақтаудың шамасы орташа мәннен асса жасанды конструкциялар қолданылады: көгал торлары, биоматтар, геоторлар.

Биік еңістерде габионды конструкциялар мен геоторлар қолданылады. Бұл тікжақтаудың немесе беткейдің түрлі жүктемелерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар олар сәндік-тартымды көрініске ие болу жағдайларда қолданылады. Сонымен қатар, габиондар мен геоторлар тасты және сазды тікжақтауларға немесе беткейлерге орнатылуы мүмкін.

Бас жоспар жобалық ұсыныс ретінде жабық көлденең дренажды қолдануды ұсынады. Жер асты суларының зиянды әсерінің алдын алу және жоюды мынадай шаралар кешенін орындау арқылы қамтамасыз етуге болады:

жер асты сулары 0,5 метрден 3,0 метрге дейінгі жататын аумақтарда жабық көлденең дренаж жүйесін салу;

жертөлесі бар ғимараттарға – жертөледерді гидрооқшаулау;

жобаланатын аумақтан жер үсті нөсер және еріген суларды жинау және бұру бойынша іс-шараларды орындау;

автожолдардың төсемдері арқылы қолданыстағы су жібергіштерді тазарту және жаңа су жібергіштерді салу;

аумақты су басудан алдын алу шараларын әзірлеу және орындау.

Су объектілері мен су ағындарының арналарын абаттандыруға келетін болсақ, Ақтөбе қаласының аумағы арқылы ағатын өзендерде, таяз су ағындарында жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірқатар шаралар жүргізу, өзен арналарын түзету және кеңейту, жағалау белдеулерін абаттандыру және көгалдандыру арқылы өзен беткейлерін нығайту, сондай-ақ габионды конструкцияларды жүргізу қажет. Ескі су өткізу құрылыстарын қайта жаңарту және жаңа су өткізу құрылыстарын салу көзделеді. Саябақ және жасыл аймақтарда жағалаулар мен суға түсетін жерлерді орнату қажет.

Елек өзенінің бойында жағалауды, суға түсу жолдарын және қажет болған жағдайда арнаның қаптамасын жөндеу қажет.

Ақтөбе және Сазды су қоймаларының жағалауларын қоқыстардан және шөгінділерден тазарту, жағалауларды тазарту, ағаштар мен бұталарды отырғызу және жағалауларды бетон плиталармен немесе габион конструкциялармен қаптау арқылы жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу қажет.

Белсенді қар еру кезеңінде жобаланған аумақ арқылы ағып жатқан өзендердегі су деңгейінің айтарлықтай көтерілуі байқалады. Осыған байланысты жағалау аумақтарын су басу процестері байқалады.

Бас жоспар өзен арналарын толтырудың максималды деңгейінде жағалау аумақтарын су тасқынынан қорғау үшін өзен арналарының бойында жер бөгеттерін салуды көздейді.

 

13-тарау. Қоршаған ортаны қорғау

2022 жылғы 1 жартыжылдықта Ақтөбе қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластануының жалпы көрсеткіші өте жоғары деп бағаланады.

Перспективаға Бас жоспар Ақтөбе қаласының өнеркәсібін одан әрі үдемелі инновациялық дамытуды көздейді. Ақтөбе қаласының шығарындыларының зиянды әсерін азайту үшін жобада іс шаралар кешені көзделеді:

қаланың солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шетінде су жинауыш тоғандары бар жаңа кәріз тазарту құрылыстарын салу, орман екпелерін суаруға тазартылған ағынды суларды қайта пайдалана отырып, тазарту құрылыстарының ескі кешендерін реконструкциялау;

қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарынан санитариялық-қорғаныш аймақтарын сақтау;

сібір жарасы көмулерінен, мал қорымдарынан және биотермиялық шұңқырлардан санитариялық-қорғаныш аймақтарын қатаң сақтау;

қаланың солтүстік-батыс шетінде компосттау полигондары бар қоқыс өңдеу зауытын салу;

қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының шекті рұқсат етілген шығарындыларында көзделген ластаушы заттар шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету;

табиғат пайдаланушыларға өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату ұсынымдары;

қоршаған ортаға шығарындылар мен төгінділерден тазартудың заманауи технологияларын енгізу және жаңа кәсіпорындарды жобалау және салу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесін қамтамасыз ету;

калий-магний тұздарының Жыланды кен орнын игеруге тыйым салу;

өзендердің жағалауларын габионды конструкциялармен нығайту;

қала шегінде Сазды өзенінің арнасын бетондау;

кіші айналма жолы шегінде барлық өзендердің жайылмаларын тазарту, жағалау-су қорғау белдеуі немесе аймағы шегінде судың есептік 3 пайыздық шығынын өткізу арқылы жағалауды нығайту және регламентке сәйкес абаттандыру;

су ағызатын суару арналары бар сызықты орман қорғау белдеулерінің жүйелерін орындау;

ҮАААЖ-ның сыртқы жағынан ені 250 м қар тоқтатын конструкциясы бар орман қорғау белдеуін ұйымдастыру. Осы белдеудің ішіне су тасқыны кезінде дала алқаптарының еріген суын қабылдай алатын, суды одан әрі жасыл желектерді суаруға тарататын канал салу керек;

жобаланатын кіші айналма жолдың сыртқы жағынан ені 150 м қар тоқтатын конструкциясы бар орман қорғау белдеуін ұйымдастыру. Сонымен бірге осы белдеудің ішінде су тасқыны кезінде дала алқаптарының еріген суын қабылдай алатын, суды одан әрі жасыл желектерді суаруға тарататын канал салу ұсынылады;

Еуро-5 стандартына көшу арқылы бензиннің сапасын арттыру;

мына кәсіпорындарды сыртқа шығару: «Аdm investment» ЖШС (құс фабрикасы), «КТП» ЖШС, мобильді асфальтбетон зауыты және т.б., селитебтік аумаққа жақын орналасқан жарылғыш заттар қоймасы – «Взрывпром» ЖШС жобамен жоюға ұсынылады;

әуежайды қаланың тұрғын алаптарынан 20 км қашықтықта Нұрбұлақ-1 алаңына шығару;

аз қабатты құрылыс аудандарында энергияның дәстүрлі емес түрлерін, ең алдымен күн энергиясын жылумен қамтамасыз ету үшін пайдалануды ынталандыру.

Қазіргі жасыл желектерді барынша сақтау, оларды қайта жаңарту, сондай-ақ Бас жоспардың жобалық шешімдеріне негізделген жаңа екпелерді отырғызу ұсынылады.

Бас жоспармен өнеркәсіптік аймақтың оңтүстігінде (Жилгородок ауданының солтүстігінде) орналасқан аумақта жеке тұрғын үйлерді бұзу көзделеді. Бұл шара қауіптіліктің бірінші сыныпты кәсіпорындарынан (Ақтөбе хром қосылыстары зауыты және ферроқорытпа зауыты) санитариялық-қорғаныш аймағын құру, сондай-ақ осы аймақта халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жобалаудың келесі кезеңінде қорғаныш өсімдіктерінің ассортиментін және санитариялық-қорғаныш жасыл белдеуінің конструкциясын әзірлеу қажет. Бұл шара өнеркәсіптік кәсіпорындардан белгілі бір дәрежеде келетін жағымсыз иістің таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ су қорғау аймақтары мен жер үсті су объектілерінің белдеулері шегінде заңсыз салынған тұрғын үйлерді және өзге құрылыстарды бұзу көзделеді.

Жобада адамдардың жайлы өмір сүруі және қоршаған ортаны қорғау мақсатында көзделеді:

табиғи кешен аумақтарын ауа бассейнінің ластануынан қорғау;

жер үсті және жер асты су ресурстарын ластанудан және сарқылудан қорғау;

урбанизацияланған аумақтарды физикалық факторлардың әсерінен қорғау (шу, діріл, электромагниттік сәулелену);

топырақ-өсімдік жамылғысын атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларынан және қатты-тұрмыстық қалдықтардың түзілуінен қорғау;

жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау;

аумақтарды техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті процестерден қорғау;

көгалдандыру және микроклиматтық жағдайларды жақсарту арқылы тіршілік ортасының жайлылығын арттыру.

Халықтың қалыпты әлеуметтік және санитарлық-гигиеналық өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін елді мекеннің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық дамуы қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру шараларын жүзеге асырумен байланысты болуы керек.

Қоршаған ортаның әрбір құрамдас бөлігі бойынша ұсынылған іс-шараларды орындау кезінде экологиялық жағдайдың нашарлауының алдын алуға, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және нормативтік талаптарға сәйкес қоршаған орта мен адамдардың денсаулығын жақсартуға болады.

 

14-тарау. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

р/с

№

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Бастапқы жыл

Бірінші кезең

Есептік мерзім

1

2

3

4

5

6

1

Аумақ

 

 

 

 

1.1

Қала шегіндегі елді мекен жерлерінің ауданы, барлығы

га

233758

233758

233758

 

оның ішінде:

       

1.1.1

тұрғын және қоғамдық құрылыс

га

10347,7

14158,5

18689,3

 

оның ішінде:

       

1.1.1.1

үй (пәтер) жанындағы жер учаскесімен үй-жай және қоршалған құрылыс

га

8527,7

10196

10591,4

1.1.1.2

аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

га

174,5

176,9

1513,7

1.1.1.3

орта қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

га

638,2

1052,3

2950,7

1.1.1.4

көп қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

га

266,3

381

917,3

1.1.1.5

қоғамдық құрылыс

га

741

2352,3

2716,2

1.1.2

өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылыс

га

3103,4

4010

5755,7

 

оның ішінде:

 

 

 

 

1.1.2.1

өнеркәсіптік құрылыс

га

2786,2

3703,4

5177,6

1.1.2.2

коммуналдық құрылыс

га

54,7

54,8

324,4

1.1.2.3

қоймалық құрылыс

га

262,5

251,8

253,7

1.1.3

көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар құрылыстары, оның ішінде: сыртқы көліктің (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржелісі) аумағы

га

103,8

351,1

799,6

1.1.3.1

магистральдық инженерлік желілер мен құрылыстар аумағы

га

0,1

0,1

0,1

1.1.3.2

автокөлік кәсіпорындары, көлік аумағы

га

103,7

351

799,5

1.1.4

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

га

-

-

3306,2

 

оның ішінде:

 

 

 

 

1.1.4.1

қорықтар

га

-

-

-

1.1.4.2

қорықшалар

га

-

-

-

1.1.4.3

табиғи саябақтар

га

-

-

3306,2

1.1.5

су қоймалары және су айдындары

га

3272,6

3272,6

3274,7

 

оның ішінде:

 

 

 

 

1.1.5.1

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары

га

3272,6

3272,6

3232,2

1.1.5.2

гидротехникалық құрылыстар

га

-

-

42,5

1.1.5.3

су шаруашылық құрылыстары

га

-

-

-

1.1.6

ауыл шаруашылығында қолданылатын аумақтар

га

145874,1

137058

132244,7

 

оның ішінде:

       

1.1.6.1

егістік жерлер

га

69205,6

65733

64709,7

1.1.6.2

көпжылдық екпелер, орман аумақтары

га

4043

4043

3805,8

1.1.6.3

шабындықтар, жайылымдар

га

72625,5

67282

63729,2

1.1.7

жалпы пайдаланымдағы аумақтар

га

8996,6

30875

33495,1

 

оның ішінде:

 

 

 

 

1.1.7.1

көшелер, жолдар, өтпелер

га

3620

4340

7334,3

1.1.7.2

жағажайлар, жағалаулар

га

1280

1754,7

1751,2

1.1.7.3

саябақтар, скверлер, бульварлар, жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектер, рекреациялық аймақтар

га

354,1

14214,9

14275,3

1.1.7.4

ормандар мен орман саябақтары

га

2057,8

8880,7

8766,8

1.1.7.5

режимдік аумақтар, арнайы мақсаттағы аймақтар

га

1684,7

1684,7

1367,5

1.1.8

резервтік

га

62059,8

44032,8

36192,7

 

оның ішінде:

 

 

 

 

1.1.8.1

селитебтік аумақтарды дамыту үшін

га

19751,6

7616

3270,3

1.1.8.2

өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін

га

10076,6

3556,3

1926,4

1.1.8.3

басқа резервтік аумақтар

га

32231,6

32860,5

30996

2

Халық

 

 

 

 

2.1

Бағынысты елді мекендерді ескере отырып, халық саны, барлығы

мың адам

523,7

636,9

950,0

 

оның ішінде:

 

 

 

 

2.1.1

қалада

мың адам

523,7

636,9

950,0

2.1.2

басқа елді мекендер

мың адам

-

-

-

2.1.3

Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері:

 

 

 

 

 

– өсім

мың адам

12,5

129,3

429,4

 

– кему

мың адам

3,9

31,6

121,7

2.1.4

Халықтың көші-қон көрсеткіштері:

 

 

 

 

 

– өсім

мың адам

22,3

187,9

411,5

 

– кему

мың адам

18,7

161,7

406,1

2.2

Халық тығыздығы

адам/га

2

2,5

3,8

2.2.1

селитебтік аумақ шегінде

адам/га

8,6

9,6

7,5

2.3

Халықтың жас құрылымы:

 

 

 

 

2.3.1

15 жасқа дейінгі балалар

мың адам/%

163,8/31,3

193,0/30,3

269,8/28,4

2.3.2

еңбекке қабілетті жастағы халық

мың адам/%

306,2/58,5

408,3/64,1

622,3/65,5

2.3.3

еңбекке қабілетті жастан үлкен халық

мың адам/%

53,7/10,2

35,7/5,6

57,9/6,1

2.4

Еңбек ресурстары, барлығы:

мың адам

361,3

439,5

646,0

 

оның ішінде:

 

 

 

 

2.4.1

Экономикалық белсенді халық, барлығы

мың адам

246,6

303,2

452,2

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

– экономика саласындағы жұмыспен қамтылғандар

мың адам

234,8

289,9

434,1

 

оның ішінде:

мың адам

 

 

 

 

– қала құраушы топта

мың адам

69,0

81,6

136

 

оның ішінде өздігінен жұмыспен қамтылған халық

мың адам

6,6

7,0

5,0

 

– қызмет көрсетуші топта

мың адам

165,8

201,0

298,0

 

оның ішінде өздігінен жұмыспен қамтылған халық

мың адам

25,4

28,0

21,0

 

– жұмыссыздар

мың адам

11,8

13,3

18,1

2.5

Экономикалық белсенді емес халық

мың адам

114,7

136,2

193,8

 

оның ішінде:

 

 

 

 

2.5.1

өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы білім оқушылар

мың адам

-

-

-

2.5.2

экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар

мың адам

-

-

-

3

Тұрғын үй құрылысы

 

 

 

 

3.1

Тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың ш. м.

11 592,90

14 521,50

23 910,30

 

жалпы қордан:

 

 

 

 

3.1.1

көп пәтерлі үйлерде

жалпы ауданы мың ш. м.

7 251,40

10 028,90

18 423,20

3.1.2

үй-жайлық үлгідегі үйлерде

жалпы ауданы мың ш. м.

4 341,50

4 492,60

5 487,10

3.1.3

Тозуы 70% астам құрайтын тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың ш. м.

деректер жоқ

деректер жоқ

деректер жоқ

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

– мемлекеттік қор

мың ш.м.

-

-

-

 

– сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы

мың ш.м.

-

11 345,00

14 521,50

3.2

Қабаттылығы бойынша тұрғын үй қорының бөлінісі:

мың ш.м.

 

 

 

3.2.1

аз қабатты

мың ш.м.

-

5 101,80

6 453,50

 

оның ішінде құрылыста:

 

 

 

 

 

үй жанында (пәтерде) жер учаскесі бар үй-жайлық құрылыс (коттедж түріндегі)

мың ш.м.

-

3 445,10

4 492,50

 

бөліктелген аз қабатты тұрғын үйлер (1-3 қабатты)

мың ш.м.

-

1 656,70

1 961,00

3.2.2

орта қабатты (4-8 қабатты) көп пәтерлі

мың ш.м.

-

3 948,10

5 346,70

3.2.3

көп қабатты көп пәтерлі

мың ш.м.

-

2 295,10

2 721,30

3.3

Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

мың ш.м.

-

247,9

-

 

оның ішінде:

 

 

 

 

3.3.1

техникалық жағдайы бойынша

мың ш.м.

-

-

-

3.3.2

қайта жаңарту бойынша

мың ш.м.

-

-

-

3.3.3

басқа себептер бойынша (ғимаратты қайта жабдықтау)

мың ш.м.

-

247,9

 

3.4

Тұрғын үй қорының кемуі қатысты:

 

 

 

 

3.4.1

қолданыстағы тұрғын үй қорына қатысты

%

-

2,14

-

3.4.2

жаңа құрылысқа қатысты

%

-

7,80

-

3.5

Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы

жалпы ауданы мың ш.м.

-

3 176,50

9 388,80

3.6

Қабаттылығы бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы

 

 

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

 

3.6.1

аз қабатты

жалпы ауданы мың ш.м.

-

1 351,70

2 218,50

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

– үй жанында (пәтерде) жер учаскесі бар үй-жайлық құрылыс (коттедж түріндегі)

жалпы ауданы мың ш.м.

-

1 047,50

994,6

 

– бөліктелген аз қабатты тұрғын үйлер (1-3 қабатты)

жалпы ауданы мың ш.м.

-

304,20

1 223,90

3.6.2

орта қабатты (4-8 қабатты) көп пәтерлі

жалпы ауданы мың ш.м.

-

1 398,60

5 928,70

3.6.3

көп қабатты көп пәтерлі

жалпы ауданы мың ш.м.

-

426,20

1 241,60

3.7

Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналасады:

 

     

3.7.1

– бос аумақтарда

жалпы ауданы мың ш.м.

-

3 176,50

9 388,80

3.7.2

– қолданыстағы құрылысты қайта жаңарту есебінен

жалпы ауданы мың ш.м.

-

-

-

3.8

Жылына орта есеппен жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданын пайдалануға беру

жалпы ауданы мың ш.м.

-

397,06

469,44

3.9

Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:

 

 

 

 

3.9.1

су құбырымен

жалпы тұрғын үй қорының %

99,80

99,8

100

3.9.2

кәрізбен

жалпы тұрғын үй қорының %

92,80

96

100

3.9.3

электр плиталарымен

жалпы тұрғын үй қорының %

0,17

2

6

3.9.4

газ плиталарымен

жалпы тұрғын үй қорының %

99,80

98

94

3.9.5

орталық жылумен

жалпы тұрғын үй қорының %

51,00

55

65

3.9.6

орталық ыстық сумен жабдықтаумен

жалпы тұрғын үй қорының %

63,50

68

78

3.10

Халықтың пәтердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі

м²/адам

22,14

23,0

25,0

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

 

 

 

 

4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы

орын

22 957

59 497

93 237

 

– қамтамасыз етілу деңгейі

%

75,6

100

100

 

– 1000 тұрғынға

орын

44

93

98

4.1.1

жаңа құрылыс

орын

-

36 540

33 740

4.2

Жалпы білім беру мекемелері, барлығы

орын

63 562

132 262

197 062

 

– қамтамасыз етілу деңгейі

%

78,3

100

100

 

– 1000 тұрғынға

место

123,9

207,7

207,4

4.2.1

жаңа құрылыс

орын

-

68 700

64 800

4.3

Ауруханалар, барлығы/ 1000 адамға

төсек

3 242/6,2

3 992/6,3

5 992/6,3

4.4

Емханалар, барлығы/ 1000 адамға

ауысым-да келу

5 655/

10,8

6 955/

11,0

10 955/

11,5

4.5

Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (қарттар интернат-үйлері), барлығы

орын

280

560

560

4.6

Ұзақ демалу мекемелері (оқушылар лагері және т.б.), барлығы

орын

1 460

1 460

1 460

4.7

Дене шынықтыру-спорттық құрылыстар – барлығы

үсті жабық құрылыстардың жалпы ауда-
ны м²

27 860

63 660

85 260

4.8

Ойын-сауықтық-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме залдары және т.б.), барлығы

орын

3 446

21 446

55 046

4.9

Сауда кәсіпорындары, барлығы

сауда ауданы м²

231 600

274 500

426 800

4.10

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы

отырғызу орны

12 100

16 700

29 200

4.11

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы

жұмыс орны

деректер жоқ

деректер жоқ

деректер жоқ

4.12

Өрт сөндіру депосы

автомо-биль саны/ бекеттер

61/5

86/12

164/21

4.13

Жедел жәрдем станциясы

автомо-биль саны

36

64

95

4.14

Психоневрологиялық интернаттар

орын

360

360

2 160

4.15

Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар

орын

-

9 000

14 000

4.16

Қосымша білім берудің мектептен тыс мекемелері

орын

4 076

6 886

13 386

5

Көліктік қамтамасыз ету

 

 

 

 

5.1

Жолаушылар қоғамдық көлігі желісінің ұзындығы, барлығы

км

1553,6

2826,8

3693,6

 

оның ішінде:

 

 

 

 

5.1.1

теміржол

қос жол км

51,8

51,8

153,8

5.1.2

электрлендірілген теміржол

қос жол км

-

-

153,8

5.1.3

ЖРК (ЛРТ)

км

-

-

101,0

5.1.4

автобус

км

1501,8

2775,0

3285,0

5.2

Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы

км

528,7

594,97

978,61

 

оның ішінде:

 

 

 

 

5.2.1

жүрдек қозғалыс жолдары

км

39,3

39,3

108,0

5.2.2

жалпықалалық маңызы бар магистральдар

км

101,0

186,61

220,81

5.2.3

аудандық маңызы бар магистральдер

км

75,1

87,4

211,4

5.2.4

жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар

км

257,46

281,66

438,4

5.3

Сыртқы көлік, оның ішінде:

 

 

 

 

5.3.1

теміржол, оның ішінде:

 

 

 

 

 

– жолаушылар

мың жолаушы/ жыл

1198,3

3186,0

9502,0

 

– жүк

мың т/жыл

Документы
Қорытынды
08 января 2026
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
Бас жоспар; стратегиялық экологиялық бағалау
Ақпарат
31 декабря 2025
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
2026 жылғы 1 тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен өңірлік Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдаудың кестесі
Ақпарат
20 августа 2025
Хабарландыру стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы
Новости
Полезные материалы
Ақтөбе қаласының Бас жоспары
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына салыстырмалы кесте және түсіндірме жазба
Медиагалерея
1
2021 жылдың қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлар
События
Реализуемые проекты
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы