1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
2012 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша,
2017 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару маманы, құқықтану, құрылыс саласының маманы.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы болып бастаған.
2014 жылы - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ құрылыс бөлімінің бас маманы
2014 - 2015 жылдары - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ жобалау жұмыстары және сметалық нормалар бөлімінің бас маманы
2015 – 2016 жылдары - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы
2016 - 2018 жылдары - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы
2018 - 2019 жылдары - Хромтау ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы.
2019 жылы - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы
2019 - 2020 жылдары - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ энергетика және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы
2020 - 2021 жылдары - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшының орынбасары
2021 - 2024 жылдары - «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы
2024 жылы 9 ақпаннан бастап Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаровтың өкімімен «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» басшысы лауазымына тағайындалды.