КИЕЛІ МЕКЕНІМ - АЛТЫН ДІҢГЕГІМ

КИЕЛІ МЕКЕНІМ - АЛТЫН ДІҢГЕГІМ

25 қазан - Республика күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Киелі мекенім - алтын діңгегім» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ашып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Еңселі егемендігіміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағындай болған ұлттық мерекеміз Республика күнін салтанатпен қарсы алған мұғалжарлықтар аталмыш іс-шараға бір кісідей жиналды.

Салтанатты жиында мерекеге орай бірқатар азаматтарға облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының I дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен Асан Бухарбаев, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен Айбек Нақпаев пен Жәнібек Мұхамедьяров марапатталды.

Жиын соңы аудандық мәдениет үйі дайындаған мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.