2022 жылға ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 51213,0 мың теңге, 2023 жылға 40306,0 мың теңге, 2024 жылға 40915,0 мың теңге сомасында шығыстар көзделген, оның ішінде:
- 454.001.011 бюджеттік бағдарлама бойынша. "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен" - 146,0 мың теңге.
- 454.001.055 бюджеттік бағдарлама бойынша. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан кепілдік беру трансферті есебінен" - 204,0 мың теңге.
- 454.001.015 бюджеттік бағдарлама бойынша. "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" - 44073,0 мың теңге.
- 454.006.015 бюджеттік бағдарлама бойынша. "Кәсіпкерлік қызметті қолдау" - 1000,0 мың теңге.
- 454.007.015 бюджеттік бағдарлама бойынша. "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары " - 5790,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат бөлімнің жергілікті атқарушы органдарының штаттық кестесін ұстауға қарастырылған. Бөлімнің штат саны 10 бірлік, оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші және 2 штаттан тыс қызметкер.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ үкімет белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру болады.