Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 18 тамыздағы № 2-12-4/155 ұсынысына сәйкес, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің «Қартжан» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары шешімін бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің «Қартжан» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2022 жылғы 19 тамызда, 2022 жылғы 19 тамызда e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.