Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты аудан бөлiмiне жүктелген функцияларды барынша, тиiмдi орындау үшiн мемлекеттiк мекеменiң қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджеттік өтінімде сұралған қаражат бөлімнің жеке құрамын қамтамасыз ету және бағдарламада жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет.
2023 жылға – 44 857,0 мың теңге, 2024 жылға – 44 890,0 мың теңге, 2025 жылға – 45 292,0 мың теңгеге болжам жасалды.
112-001-015 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз
ету – 44 857,0 мың теңге.
Барлығы: 44 857,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат Мұғалжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Штаттық жұмысшылар саны – 5 және штаттан тыс 3 қызметкер. Сондай-ақ бұл қаражат шағын қалаларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін, газ жүйелерін қодануды ұйымдастыру, сумен жабдықтауға және елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін қарастырылған.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ үкімет белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру болады.
Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерін Ашық бюджеттер порталында көруге болады.