"Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ-сі 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ашық бюджеттің интернет-порталында орналастыру туралы хабарлайды.
Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министірінің «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 Бұйрығына сәйкес жасалды.
Жалпы алғанда "Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша жобамен барлығы –
104 680,6 мың теңге.
2023 жыл – 32 058,4;
2024 жыл – 34 825,1;
2025 жыл – 37 797,1;
2023 жылға – 32 058,4 мың теңгеге, 2024 жылға – 34 825,1 мың теңгеге, 2025 жылға 37 797,1 мың теңгеге болжам жасалды.
466 001 011 - Құрылыс, облыс қалаларының, аудандарының және елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағын оңтайлы және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 1 022,4 мың теңге;
466 001 015 - Құрылыс, облыс қалаларының, аудандарының және елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағын оңтайлы және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 29 356,0 мың теңге;
466 004 015 - Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру 1 680,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысын қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Мекеменің штат саны 10 бірлік, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметші және 3 техникалық персонал. Сондай-ақ бұл қаражат аудандарының және елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ауданның аумағын оңтайлы және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету үшін қарастырылған.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс шараларға қол жеткізу болып табылады. Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерін ашық бюджеттер порталынада https://budget.egov.kz/ көруге болатынын хабарлаймыз.