Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №137 «2022-2024 жылдарға арналған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 41 912 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 185 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 40 727 мың теңге;
2) шығындар – 42 698 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -786 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 786
мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 786 мың теңге.»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің бюджетіне республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 674 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.»;
Осы шешім жобасын де бекітуге ұсынылады.
«Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №137 «2022-2024 жылдарға арналған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу» туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2022 жыл 30 маусым, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 06 маусым 2022 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 20 маусым №48 хатымен алынды.