Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мұғалжар аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Жұрын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»2021 жылғы 30 желтоқсандағы №136шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2022-2024 жылдарға арналған Жұрын ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 248 687 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 775 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 786 мың теңге;
трансферттер түсімі – 245 126мың теңге;
2) шығындар – 248 831,6мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -144,6 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 144,6мың теңге:
қарыздар түсімі– 0теңге;
қарыздарды өтеу– 0теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 144,6 мың теңге.»; 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге; 2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге; 3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңгекөлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын. 4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.»; 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. 2022 жылға арналған Жұрын ауылдық округ бюджетіне республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынаназаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 676 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.»; Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы30 желтоқсандағы №136 «2022-2024 жылдарға арналған Жұрын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасыwww.mugalzhar.aktobe.gov.kzсайтында 2022 жылы 23 маусымда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылы 22 маусымда орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 21 маусымдағы №50 хатымен алынды.