Мұғалжар ауданының бюджеті бекітілуіне байланысты Ембі қаласының бюджеті 2022 жылға мына көлемінде бекітілді:
1) кірістер – 178 935 мың теңге;
салықтық түсімдер – 30 027 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0,0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 337 теңге;
трансферттер түсімдері - 139 571 мың теңге;
2) шығындар – 183 768 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – -0,0 теңге;
бюджеттік кредиттер – 0,0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 теңге;
5) Бюджет тапшылығы (профициті)– -4 833 мың теңге;
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 4 833 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0,0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0,0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 833 мың теңге.
Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған Ембі қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 679 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.»;
«2022-2024 жылдарға арналған Ембі қаласының бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2022 жылы 22 маусымда , e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 06маусымда 2022 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылғы 20 маусымдағы №36 хатымен алынды.