Меню

Страницы

Статья

Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №134 «2022-2024 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мұғалжар аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №134  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда  жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған  Еңбек  ауылдық округі  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  55 735 мың теңге:

                салықтық түсімдер – 5 060 мың теңге;

                салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

                негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 086 мың теңге;

                трансферттер түсімі – 49 589 мың теңге;

2) шығындар – 56 061,2  мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -326,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 326,2      мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 326,2 мың теңге.»;

2 тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап:

                1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

                2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;

                3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

         2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен   мөлшері – 20 191 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.»;

4 тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2022 жылға арналған Қандыағаш қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 1 278 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес  жаңа  редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №134 «2022-2024 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2022 жылы 22 маусымда e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылы 7 маусымда орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 20 маусымдағы №39  хатымен алынды.

 

 

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы