1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 318 803 мың теңге:
салықтық түсімдер – 142 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 162 803 мың теңге;
2) шығындар – 331 344,9 мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 541,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12 541,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 541,9 мың теңге.»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған Қандыағаш қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 1 278 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін.»;
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №128 «2022-2024 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kzсайтында 2022 жылы 21 маусымында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылы 06 маусымында орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 20 маусымда № 38 хатымен алынды.