Меню

Страницы

Статья

«2022-2024 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Мұғалжар аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №140 шешіміне өзгерістер енгізілсін:

          1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2023 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 39 030  мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 527 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 мың теңге;

трансферттер түсімі – 37 502 мың теңге;

2) шығындар – 39 801,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -771,8 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 771,8 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 771,8мың теңге.»;

2 тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

         1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;

         2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге;

         3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге;

         2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен   мөлшері – 20 191 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңгекөлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.»;

 

          Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №140 «2022-2024 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2022 жылы 20 маусымда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылы 07 маусымда орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 29 маусымдағы №41 хатымен алынды.

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы