Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты аудан бөлiмiне жүктелген функцияларды барынша, тиiмдi орындау үшiн мемлекеттiк мекеменiң қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.
2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік өтінімнің жалпы көлемі 202 636,0 мың теңге.
2023 жылға – 66 742,0 мың теңге;
2024 жылға – 67 133,0 мың теңге;
2025 жылға – 68 761,0 мың теңге;
453-001-015 "Экономикалық саясатты, жүйені қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөніндегі қызметтер" мемлекеттік жоспарлау» – 36 216,0
453-004-015 «Күрделі шығындар мемлекеттік орган» – 300,0
453-099-015 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру» - 12 226,0
453-006-013 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға арналған бюджеттік кредиттер» – 18 000,0 Барлығы 66 742,0
Бөлінген қаражат Экономика басқармасының жергілікті атқарушы органдарының штаттық кестесін ұстауға қарастырылған. Бөлімнің штат саны 7 бірлік, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметші және 1 штаттан тыс қызметкер.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу, сондай-ақ үкімет белгілеген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру болады. Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерін хабарлаймыз. Ашық бюджеттер порталында көруге болады.