«Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарлайды.
Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министірінің «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 Бұйрығына сәйкес жасалды.
Жалпы алғанда «Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша жобамен барлығы – 133 105,0 мың тенге.
2023жыл- 33 350,0 тенге;
2024жыл- 48 985,0 мың тенге;
2025 жыл- 50 770,0 мың тенге;
2023 жылға - 33 350,0 мың теңгеге , 2024 жылға - 48 985,0 мың теңгеге, 2025 жылға - 50 770,0 мың теңгеге болжам жасалды.
124-001-015«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»- 27 603,0;
124-008-015«Қала көшелерін жарықтандыру» - 1 500,0;
124-013-015«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»- 4 247,0;
Бөлінген қаражат Ақкемер ауылдық округі әкімі аппаратын қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Аппараттың штат саны 8 бірлік, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметші және 3 штаттан тыс қызметкер. Сондай-ақ бұл қаражат қала көшелерін жарықтандыру үшін, қаланың автомобиль жолдарын күтіп ұстау және пайдалану үшін қарастырылған.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерін ашық бюджеттер порталында https://budget.egov.kz/
көруге болатынын хабарлаймыз.