«Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарлайды.
Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министірінің «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 Бұйрығына сәйкес жасалды.
Жалпы алғанда «Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша жобамен барлығы –
131 583,0 мың тенге.
2023 жыл- 32 421,0 мың тенге;
2024 жыл- 49 477,0 мың тенге;
2025 жыл- 49 685,0 мың тенге;
2023 жылға – 32 421,0 мың теңгеге , 2024 жылға – 49 477,0 мың теңгеге, 2025 жылға – 49 685,0 мың теңгеге болжам жасалды.
124-001-011 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 668,0;
124-001-015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 26 535,0;
124-008-015 «Қала көшелерін жарықтандыру» - 913,0;
124-011-015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 105,0;
124-013-015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» - 4 200,0;
Барлығы: 32 421,0 мың теңге.
Бөлінген қаражат Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратын қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Аппараттың штат саны 7 бірлік, оның ішінде 4 мемлекеттік қызметші және 3 штаттан тыс қызметкер. Сондай-ақ бұл қаражат ауыл көшелерін жарықтандыру үшін, ауылды абаттандыру және көгалдандыру, ауылдың автомобиль жолдарын күтіп ұстау және пайдалану үшін қарастырылған.
Бюджеттік өтінімді іске асырудың түпкілікті нәтижесі белгіленген мерзімде және жасалған келісімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерін ашық бюджеттер порталында https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published
көруге болатынын хабарлаймыз.