ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Жем қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 42 157 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 363 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –700 мың теңге;
трансферттер түсімі – 39 094 мың теңге;
2) шығындар – 42 691 мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -534,0 теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 534,0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 534,0 теңге.
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №130 «2022-2024 жылдарға арналған Жем қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2022 жылы 22 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2022 жылы 19 сәуірде орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2022 жылы 22 сәуірде №18 хатымен алынды.