Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 3 тоқсан есебі

          

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы 30 маусымдағы №226/НҚ бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға ауданда мемлекеттік қызметтің 63 түрі көрсетіледі.

            Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдары 2021 жылдың 3 тоқсаны  бойынша  13334   (2020 ж. 3 тоқсаны –  21030) мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде:

Оның электрондық түрде 7840 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 79,8 %-ды құрады (2020 ж. 3 тоқсаны –14256).  

Электронды қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында әрбір ауылдық округ әкімдіктерінде және аудандық әкімдікте  «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы жауапты маман бекітілді. 

Мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 357 рет көрсетіліп, мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі 2,6 %-ды құрады. (2020 ж. 3 тоқсаны – 3677 қызмет көрсетілді.)

Мемлекеттік корпорация арқылы 2332 қызмет көрсетіліп, қызметтердің үлесі 17,4 %-ды құрады. (2020 ж. 3 тоқсаны – 2897қызмет көрсетілді).

 

            Ауданда 9 аудандық бөлімдер, 12 ауылдық округ, 3 қала әкімінің аппараттары мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі

 

№

Мекеме атауы

2020 жылдың 9 айы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі

%

2021 жылдың 9 айы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі

%

  1.  

Мұғалжар аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі

68,8%

75%

  1.  

Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

0

0

  1.  

Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

60,2%

28,3%

  1.  

Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

34%

30,5%

  1.  

Мұғалжар аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі

0

0

  1.  

Мұғалжар аудандық жер қатынастары бөлімі

100%

100%

  1.  

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту орталығы

95,3%

61,5%

  1.  

Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

100%

100%

  1.  

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

25,8%

70,1%

  1.  

Мұғалжар ауданы әкімі аппараты

0

100

  1.  

Қандыағаш қаласы әкімі аппараты

0

0

Барлығы

66,7%

79,8%

 

 

               Ағымдағы жылдың 3 тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзу фактілері орын алған жоқ.

 Аудан бойынша 2020 жылдың желтоқсанындағы №96-ө өкімімен бекітілген 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралар жоспарына 13 мемлекеттік мекеме енгізіліп, 10 мекемелерге жүргізілді. (2020 ж. барлығы -18, 3тоқсан – 16)

Бақылау іс-шарасы барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің бұзылу фактілері анықталған жоқ (2020 ж. 3 тоқсан - 0).

2021 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына   шағымдар түскен жоқ.

Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру мақсатында аудан орталғында және барлық ауылдық округтерде баннер орналастырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, көрсетілетін қызметтер туралы азаматтар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру және қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру бағытында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Мұғалжар аудандық бөлімінде аптасына 1 рет  құрылымдық бөлімше маманы және айына 1 рет аудандық бөлімдер мамандары «азаматтарды қабылдау» акциясын өткізеді. Аталмыш іс-шараларға аудандық мемлекеттік органдар және мемлекеттік корпорация қызметкерлері қатыстырылады.

Жыл басынынан аудандық құрылымдық бөлімшенің ұйымдастыруымен мемлекекттік қызметтерді көрсететін мамандар арасында мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен бірлесіп, семинар-кеңес өткізілді.

 

Дата публикации
01 октября 2021
Дата обновления
01 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы