«Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №547 «2021-2023 жылдарға арналған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №547 «2021-2023 жылдарға арналған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7944 тіркелген, 2021 жылдың 08 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер – 52 722,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 530,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер– 0 теңге;
трансферттер түсімі – 52 192,7 мың теңге;
2) шығындар –58 671,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 948,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
5 948,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 5 948,5 мың теңге».
Осы шешім жобасын де бекітуге ұсынылады.
«Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №547 «2021-2023 жылдарға арналған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жыл 08 қараша, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 21 қазан 2021 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 20 қазан №91 хатымен алынды.