Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы
Жұмыспен қамту секторы бойынша
Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту шараларын жақсарту, жұмыссыздарды әлеуметтік қосымша қорғау шараларын орындау мақсатында 2021 жылдың 9 айында ауданда 1291 жаңа жұмыс орындары ашылып, (жоспар - 1276) 101,2 % орындалды, оның ішінде 1082 тұрақты жұмыс орны, 209 уақытша жұмыс орны.
Ауданда ағымдағы жылдың 9 айында жұмыспен қамту орталығына жолыққан жұмыссыз азаматтар «Еңбек» Бағдарламасының белсенді шараларына тартылды, атап айтқанда:
-1617 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылып (жоспар-2266) 71,3 % орындалды;
- 406 халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жоспар-372) 109,1% орындалып, жұмыс берушілердің азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін бюджеттен барлығы 84 101,0 мың теңге (РБ-29 400,0 теңге, ЖБ-54 701,0 теңге) қаржы бөлініп оның 53 682,0 мың теңгесі (РБ-23 000,0 мың теңге, ЖБ-230 682,0 мың теңге) ағымдағы жылдың 9 айында игерілді;
- 216 жас маман мамандықтарына сай Жастар тәжірибесіне орналастырылып (жоспар-281) 77,0% орындалып, олардың жалақыларына бюджеттен барлығы 136 191,0 мың теңге (РБ-32 096,0 мың теңге, ЖБ-114 313,0 мың теңге) қаржы бөлініп оның ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 49 178,0 мың теңгесі (РБ-17 082,0 мың теңге, ЖБ-32 096,0 мың теңге) игерілді;
- 1095 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып (жоспар - 1120) 97,8 % орындалып оған жергілікті бюджеттен 281 839,0 мың теңге (РБ-151 201,0 мың теңге, ЖБ-130 638,0 мың теңге) қаржы бөлініп, оның 227 138,0 мың теңгесі (РБ-118 523,0 мың теңге, ЖБ-108 615,0 мың теңге) ағымдағы жылдың 9 айында игерілді;
- 204 аудан жастары жұмыссыз «Гүлдене бер туған Ел» акциясымен көгалдандыру жұмыстарына тартылып (жоспар- 200) жоспар 102,0 % орындалып оған жергілікті бюджеттен 13 038,0 мың теңге қаржы бөлініп ағымдағы жылдың 9 айында толығымен игерілді;
- 44 мүгедек азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 адам уақытша жұмыстарға, 6 жас маман Жастар практикасына, 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына,34 тұрақты жұмыс орындарына, 12 адам белгіленген жұмыс орындарының квотасы бойынша орналастырылды, сонымен қатар 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жұмыс орны ашылып жұмысқа орналастырылды және осы санаттағы 6 азамат қысқа мерзімді оқуға жолданса, 10 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытылса,осы санаттағы 9 адамға өз кәсібін ашу үшін қайтарымсыз грант бөлінді.
2021 жылдың 1 қазанына есепте тұрған жұмыссыздар саны 1360 адам болып экономикалық белсенді тұрғындар саны 37 695 адамға шаққанда 3,6 пайызды құрап отыр.
Әлеуметтік көмек көрсету секторы бойынша:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке - РБ-124650,0 мың, ЖБ-32051,0 мың және ОБ- 25350,0 мың теңге, барлығы: 182 051 мың теңге бөлінді.
9 айға құрамында 1759 адамы бар 352 отбасына 78650,9 мың теңге тағайындалып, 70422,4 мың теңге төленді. Оның ішінде:
Шартты ақшалай көмек-1534 адамы бар 290 отбасына 61171,4 мың теңге тағайындалып, 54586,4 мың теңге төленді.
Шартсыз ақшалай көмек-225 адамы бар 62 отбасына 17479,5 мың теңге тағайындалып, 15836 мың теңге төленді.
Кепілдірілген әлеуметтік пакет (гигиеналық құралдар және азық түлік) бойынша РБ-21250,0 мың теңге, ОБ- 3750,0 мың теңге бөлінді.
9 айға 1-3 жасқа дейінгі 233 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 270 балаға, барлығы 503 балаға кепілдірілген әлеуметтік пакет тағайындалып, таратылды.
Тұрғын үй көмегіне ЖБ- 6420,0 мың теңге бөлініп, 9 айға 125 адамы бар 57 отбасына 1230,5 мың теңге тағайындалып, 1230,5 мың төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу үшін 161587,0 мың теңге қаражат бөлініп, 9 айға 689 адамға 49995,9 мың теңге осы бағытқа қатысты санаттағы азаматтарға заң талаптарын сақтай отырып тағайындалып, 48236,7 мың теңге төленді. Атап айтқанда:
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 1 адамға 72,0 мың теңге тағайындалып, 64,0 мың теңге төленді.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке 112 адамға 1477,0 мың теңге тағайындалып төленді,
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және жалпы мүгедектерге, оларды ертіп жүруші азаматтарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша төленетін жол шығындарын өтеу үшін 22 адамға 694,8 мың теңге тағайындалып, 654,5 мың теңге төленді,
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек 18 адамға 2160,0 мың тағайындалып, 2060,0 мың төленді.
Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 194 адамға 25757,1 мың теңге тағайындалып, 24211,1 мың теңге төленді,
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арыздары бойынша әлеуметтік көмек 27 балаға 625,0 мың теңге тағайындалып, 560,0 төленді,
9 май жеңіс күні мерекесі қарсаңында 269 адамға 19210,0 мың теңге, оның ішінде ҰОС қатысушыларымен мен мүгедектеріне 2000,0 мың теңгеден 1 адамға 2000,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 50,0 мың теңгеден 10 адамға 500,0 мың теңге, ҰОС ардагерлеріне және мүгедектеріне теңестірілгендерге 100,0 мың теңгеден 81 адамға 8100,0 мың теңге, бейбіт уақытында әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50,0 мың теңгеден 10 адамға 500,0 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 6 адамға 300,0 мың теңге, Ауған жауынгерлердің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 12 адамға 360,0 мың теңге, марапатталған тыл ардагерлеріне және 1941-1945 жылдар аралығында тылда жұмыс жасаған азаматтарға 50,0 мың теңгеден 149 адамға 7450,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс секторы бойынша
Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша ауданда мүгедектер саны - 1584, оның ішінде: I топ мүгедектері - 135, II топ мүгедектері - 557, III топ мүгедектері - 609, 16 ж.д. балалар - 283 санын құрайды.
Протездік-ортопедиялық көмекпен, Шымкент қаласындағы протездік-ортопедиялық орталығына 29 мүгедекке жолдама беріліп, 41 құралдар алынды.
Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 43 мүгедекке 257,0 мың теңгеге 47 құралдар берілді;
Сурдотехникалық құралдар бойынша барлығы 18 мүгедекке (көп функционалды дабылды жүйелер, ұялы телефон, сағат, нотбуктар) 2 728,7 мың теңгеге 28 құралдар берілді;
Тифлотехникалық құралдар бойынша 25 мүгедекке (тифломагнитола, диктофон, таяқ) 17 801,6 теңгеге 60 дана құралдар берілді;
Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 128 мүгедекке 100 133 дана 20 871,3 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;
Арнаулы жүріп тұру құралдары (кресло-арбалармен) 24 мүгедекке 3 704,5 теңгеге 33 кресло- арбалар берілді;
Санаторий-курорттық емдеу бойынша 71 мүгедек 8 540,0 теңгеге 71 жолдамамен қамтамасыз етілді;
Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 80 мүгедекке 80 жеке көмекші тағайындалып, оған 48 141,5 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтерін көрсеттті;
Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 19 мүгедекке 3 ымдау тілі маманы тағайындалып, 2 020,8 теңгеге еңбекақылары төленді.
22 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 694,8 мың теңге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен барған мүгедектерге бару-келу жол қаражаты тағайындалып, төленді;
2021 жылдың мамыр айынан бастап 6 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі жартылай стационарға республкалық бюджеттен 6 401,0 мың теңге бөлініп 2 155,0 мың теңге игерілді.
Мүгедектерге «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 3 208,7 мың теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыс аясында келісім шарт жасалып, 3 723,0 мың теңге игерілді. Қазіргі таңда барлығы 40 мүгедектерге қызмет көрсетілуде.
ҚР Конституция күніне орай, 1683 мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті бюджеттен 84 150,0 мың теңге қаражат көлемінде, бір жолғы төлемақы төленеді.
Барлығы: 2188 мүгедекке 197 187,3 теңгеге 100 342 дана көмектері көрсетілді.
2021 жылдың 1 қазанына мүмкіндігі шектеулі 6 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 44 мүгедек өз тілектері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып уақытша жұмыспен қамтамасыз етілсе, осы санаттағы 6 жас маман мамандығына сай Жастар тәжірибесіне, 6 адам уақытша маусымдық жұмысқа және 2 мүмкіндігі шектеулі азамат арнайы жұмысқа орналастырылды. «Бастау бизнес» жобасы аясында 10, белгіленген жұмыс орындарының квотасы бойынша 12 адам, бос жұмыс орындарына 34 адам жұмысқа, кәсіптік оқуға 6 адам, сонымен қатар 9 адам жаңадан бастаушыларға арналған өтеусіз грантқа ие болды.
Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бөлімшесі бойынша
Үйге бару арқылы қызмет көрсету бойынша: жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар 218, ересек мүгедектер – 33, мүмкіндігі шектеулі балалар- 51, барлығы 302 адам есепте тұрады, оларға 50 әлеуметтік қызметкерлер үйге бару арқылы қызмет көрсетеді.