Меню

Страницы

Статья

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы

Мұғалжар аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің 2021 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған

жұмыстары туралы

 

Жұмыспен қамту секторы бойынша

Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты  жұмыспен  қамту  шараларын  жақсарту, жұмыссыздарды  әлеуметтік  қосымша қорғау  шараларын  орындау  мақсатында 2021 жылдың  1 жартыжылдығына ауданда 796 жаңа жұмыс орындары ашылып, (жоспар - 1276)  62,4 % орындалды.

Ауданда ағымдағы жылдың 6 айында жұмыспен қамту орталығына жолыққан жұмыссыз азаматтар «Еңбек» Бағдарламасының белсенді шараларына тартылды, атап айтқанда:

-739 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылып (жоспар 2266) 32,6 % орындалды;

         - 334 халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жоспар-372) 90,0 % орындалып, жұмыс берушілердің азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін  бюджеттен барлығы  84 101,0  мың теңге (РБ-29 400,0 мың теңге,ЖБ-54 701,0 мың теңге) қаржы бөлініп оның 32 102,0 мың теңгесі (РБ-14 500,0 мың теңге,ЖБ-17 602,0 мың теңге) ағымдағы жылдың 6 айында  игерілді;

- 63 жас маман мамандықтарына сай Жастар тәжірибесіне орналастырылып        (жоспар-327) 19,3% орындалып, олардың жалақыларына  бюджеттен барлығы 136 191,0  мың теңге (РБ-21 878,0 мың теңге, ЖБ-114 313,0 мың теңге) қаржы бөлініп оның ағымдағы жылдың 6 айында барлығы 28 786,0  мың теңгесі (РБ-10 653,0 мың теңге,  ЖБ-18 133,0 мың теңге) игерілді;

- 691 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып  (жоспар - 1120)  61,7 % орындалып оған жергілікті бюджеттен 281 839,0 мың теңге (РБ-151 201,0 мың теңге, ЖБ-130 638,0 мың теңге) қаржы бөлініп, оның 105 625,0 мың теңгесі (РБ-45 419,0 мың теңге, ЖБ-60 206,0 мың теңге) ағымдағы жылдың 6 айында игерілді;

- 39 мүгедек азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 адам уақытша  жұмыстарға, 4 жас маман Жастар практикасына, 4  адам әлеуметтік   жұмыс орындарына,16 тұрақты жұмыс орындарына,5 адам белгіленген жұмыс орындарының квотасы бойынша орналастырылды, сонымен қатар 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін  арнайы  жұмыс орны ашылып жұмысқа орналастырылды және осы санаттағы 4 азамат қысқа мерзімді оқуға жолданса, 10 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытылды.

2021 жылдың 1 шілдесіне  есепте тұрған жұмыссыздар саны 1259  адам болып экономикалық белсенді тұрғындар саны 36 477 адамға шаққанда  3,5 пайызды құрап отыр.

 

          Әлеуметтік көмек көрсету секторы бойынша:

Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмекке - 2021 жылға РБ-124650,0 мың, ЖБ-32051,0 мың және ОБ- 25350,0 мың теңге  бөлінді.

6 айға құрамында 1594 адамы бар 319 отбасына 54643,7 мың теңге тағайындалып, 47428,2 мың теңге төленді. Оның ішінде: Шартты ақшалай көмек-1408 адамы бар 267 отбасына 42873,0 мың теңге тағайындалып, 35907,7 мың теңге төленді.

        Шартсыз ақшалай көмек-186 адамы бар 52 отбасына 11770,8 мың теңге тағайындалып, 11520,5 мың теңге төленді.

           Кепілдірілген әлеуметтік пакет (гигиеналық құралдар және азық түлік) бойынша Республикалық бюджеттен-21250,0 мың теңге және Облыстық бюджеттен  3750,0 мың теңге бөлінді.

             6 айға 1 жастан 3 жасқа дейінгі 200 балаға және 3 жастан 6 жасқа дейінгі 242 балаға барлығы 442 балаға кепілдірілген әлеуметтік пакет тағайындалып, таратылды. 

             Тұрғын үй көмегіне – ЖБ-тен 6420,0 мың теңге бөлініп,  айға  125 адамы бар 57 отбасына 1182,7 мың теңге тағайындалып, 1074,6 мың төленді.

             Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу үшін 2021 жылға 161587,0 мың теңге қаражат бөлініп, 6 айында 598 адамға 44619,7 мың теңге осы бағытқа  қатысты  санаттағы  азаматтарға  заң  талаптарын сақтай  отырып тағайындалып, 40532,3 мың теңге төленді. 

Атап  айтқанда:

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 1 адамға 48,0 мың теңге тағайындалып, 40,0 мың теңге төленді;

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке  106 адамға 1477,0 мың теңге тағайындалып төленді;

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және жалпы  мүгедектерге,  оларды   ертіп   жүруші  азаматтарға облыстық  денсаулық сақтау  басқармасының  жолдамасы  бойынша төленетін жол  шығындарын өтеу үшін 15 адамға 449,8 мың теңге тағайындалып, 291,7 мың  мың теңге төленді;

        Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек 16 адамға 1960,0 мың тағайындалып, 1860,0 мың  төленді;

        Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын  азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 164 адамға 20914,9 мың теңге тағайындалып,  17093,6 мың теңге төленді;

        Үйден  оқытылатын  мүгедек  балаларға арыздары   бойынша   әлеуметтік  көмек 27 балаға 560,0 мың  теңге тағайындалып,  төленді;

9 май жеңіс күні мерекесі қарсаңында 269 адамға 19210,0 мың теңге, оның ішінде ҰОС қатысушыларымен мен мүгедектеріне 2000,0 мың теңгеден 1 адамға 2000,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 50,0 мың теңгеден 10 адамға 500,0 мың теңге, ҰОС ардагерлеріне және мүгедектеріне теңестірілгендерге 100,0 мың теңгеден 81 адамға 8100,0 мың теңге, бейбіт уақытында әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50,0 мың теңгеден 10 адамға 500,0 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 6 адамға 300,0 мың теңге, Ауған жауынгерлердің жесірлеріне 30,0 мың теңгеден 12 адамға 360,0 мың теңге, марапатталған тыл ардагерлеріне  және 1941-1945 жылдар аралығында тылда жұмыс жасаған азаматтарға 50,0 мың теңгеден 149 адамға 7450,0 мың теңге   тағайындалып, төленді.

Мүгедектермен жұмыс секторы бойынша

Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша  ауданда барлығы мүгедектер саны - 1578, оның ішінде I топтағы мүгедектер - 119,  II топтағы мүгедектер - 565,  III топтағы мүгедектер - 623, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 271 санын құрайды.

Протездік-ортопедиялық көмекпен, оның ішінде Шымкент қаласындағы протездік-ортопедиялық орталығына 5 мүгедекке жолдама беріліп, 9 құралдар алынды.

Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 27 мүгедекке 183,6 мың теңгеге 31 құралдар берілді;

Сурдотехникалық құралдар бойынша барлығы 15 мүгедекке (көп функционалды дабылды жүйелер, ұялы телефон, сағат, нотбуктар)  2 457,2 мың теңгеге 22 құралдар берілді;

         Тифлотехникалық құралдар бойынша 21 мүгедекке (тифломагнитола, диктофон,  таяқ) 16 157,3 теңгеге 51 дана құралдар берілді;

Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 88 мүгедекке 62 960 дана 12 189,0 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;

Арнаулы жүріп тұру құралдары (кресло-арбалармен) 9 мүгедекке 1 619,5 теңгеге 15 кресло- арбалар берілді;

Санаторий-курорттық емдеу бойынша 25 мүгедек 3 041,8 теңгеге 25 жолдамамен қамтамасыз етілді;

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 73 мүгедекке 73 жеке көмекші тағайындалып, оған 28 901,5 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтерін көрсеттті;

Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 19 мүгедекке 3 ымдау тілі маманы тағайындалып, 1 290,9 теңгеге еңбекақылары төленді.

15 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 449,7 мың теңге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен барған мүгедектерге бару-келу жол қаражаты тағайындалып, төленді;

Барлығы: 335 мүгедекке 68 875,3 теңгеге 63 088 дана көмектері  көрсетілді.

 

Мүгедектерге «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 3 208,7 мың теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыс аясында келісім шарт жасалып, 2 006,8 мың теңге игерілді. Қазіргі таңда барлығы 38 мүгедектерге қызмет көрсетілуде.

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау және оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылға 10 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі жартылай стационарға  республикалық бюджеттен 6401,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс арқылы «Ғажап» мүгедек балалар ҚБ  маусым айынан бастап жұмыстарын жалғастыруда.

2021 жылдың 1 шілдесіне мүмкіндігі шектеулі 4 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 39 мүгедек өз тілектері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып уақытша жұмыспен қамтамасыз етілсе, осы санаттағы 4 жас маман мамандығына сай Жастар тәжірибесіне, 6 адам уақытша маусымдық жұмысқа және 2 мүмкіндігі шектеулі азамат арнайы жұмысқа орналастырылды. «Бастау бизнес» жобасы аясында 10 адам, белгіленген жұмыс орындарының квотасы бойынша 5 адам, бос жұмыс орындарына 16 адам жұмысқа орналастырылды

                    

Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бөлімшесі бойынша

Бөлім бойынша жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар 228,  ересек  мүгедектер – 34, мүмкіндігі шектеулі балалар- 48, барлығы 310 адам есепте тұрады, оларға 49 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.

Дата публикации
19 октября 2021
Дата обновления
19 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы