Меню

Страницы

Статья

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

Мұғалжар аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің 2021 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

 

Жұмыспен  қамту секторы бойынша

Халықтың жұмыспен қамтылуы жөніндегі аумақтық жоспары бойынша ауданда халықты  жұмыспен  қамту  шараларын  жақсарту, жұмыссыздарды  әлеуметтік  қосымша қорғау  шараларын  орындау  мақсатында 2021 жылдың  1 тоқсанына ауданда 225 жаңа жұмыс орындары ашылып, (жоспар - 1276) 17,6 % орындалды.

Ауданда ағымдағы жылдың 3 айында жұмыспен қамту орталығына жолыққан жұмыссыз азаматтар «Еңбек» Бағдарламасының белсенді шараларына тартылды, атап айтқанда:

-166 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылып (жоспар 2266) 7,3 % орындалды;

         - 246 халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып (жоспар-372)  66,2 % орындалып, жұмыс берушілердің азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу үшін  бюджеттен барлығы  84 101,0  мың теңге (РБ-29 400,0 мың теңге, ЖБ-54 701,0 мың теңге) қаржы бөлініп оның 10 500,0 мың теңгесі (РБ-5 000,0 мың теңге,ЖБ-5 500,0 мың теңге) игерілді;

- 32 жас маман мамандықтарына сай Жастар тәжірибесіне орналастырылып        (жоспар - 327) 9,9% орындалып, олардың жалақыларына  бюджеттен барлығы 136 191,0  мың теңге (РБ-21 878,0; ЖБ-114 313,0) қаржы бөлініп оның ағымдағы жылдың 3 айында барлығы 16 343,0  мың теңгесі (РБ-6 325,0 мың теңге, ЖБ-10 018,0 мың теңге) игерілді;

- 418 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып  (жоспар - 1120)  37,3 % орындалып оған жергілікті бюджеттен 281 839,0 мың теңге (РБ-151 201,0 мың теңге, ЖБ-130 638,0 мың теңге) қаржы бөлініп оның 25 892,0 мың теңгесі теңге (РБ-9973,0 мың теңге, ЖБ-15 919,0 мың теңге) игерілді;

- 27 мүгедек азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 адам уақытша  жұмыстарға, 2 жас маман Жастар практикасына, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, сонымен қатар  2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін  арнайы  жұмыс орны ашылды.

2021 жылдың 1 тоқсанына  есепте тұрған жұмыссыздар саны 1379  адам болып экономикалық белсенді тұрғындар саны 36 477 адамға шаққанда  3,8 пайызды құрап отыр.

   

      Әлеуметтік көмек көрсету секторы бойынша:    

Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмекке: РБ-124650,0 мың, ЖБ-32051,0 мың, ОБ- 25350,0 мың теңге, барлығы: 182051,0 мың теңге  бөлінді.

1 тоқсанға құрамында 1363 адамы бар 274 отбасына 29664,6 мың теңге тағайындалып, 19342,2 мың теңге төленді. Оның ішінде:

Шартты ақшалай көмек 1199 адамы бар 228 отбасына 23584,8 мың теңге тағайындалып, 15359,2 мың теңге төленді.

        Шартсыз ақшалай көмек 164 адамы бар 46 отбасына 6079,8 мың теңге тағайындалып, 3983,0 мың теңге төленді.

           Кепілдірілген әлеуметтік пакет (гигиеналық құралдар және азық түлік) бойынша Республикалық бюджеттен-21250,0 мың теңге, Облыстық бюджеттен  3750,0 мың теңге, барлығы 25000,0 мың теңге бөлінді.

          1 тоқсанға  1-3 жасқа дейінгі 169 балаға және 3-6 жасқа дейінгі 196 балаға барлығы: 619 кепілдірілген әлеуметтік пакет тағайындалып, таратылды. 

           Тұрғын үй көмегіне ЖБ-тен 6420,0 мың теңге бөлініп, 2 айға  114 адамы бар 55 отбасына 803,0 мың теңге тағайындалып, 534,6 мың теңге төленді.

            Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу үшін 150 000,0 мың теңге қаражат бөлініп,        1 тоқсанға 278 адамға 12468,3 мың теңге осы бағытқа  қатысты  санаттағы  азаматтарға  заң  талаптарын сақтай  отырып тағайындалып, 8585,2 мың теңге төленді.  Атап  айтқанда:

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігіне 1 адамға 24,0 мың теңге тағайындалып, 16,0 мың теңге төленді;

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке  106 адамға 1113,0 мың теңге тағайындалып, 742,0 мың теңге төленді;

 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, жалпы  мүгедектерге,  оларды   ертіп   жүруші  азаматтарға облыстық  денсаулық сақтау  басқармасының  жолдамасы  бойынша төленетін жол  шығындарын өтеу үшін 5 адамға 132,7 мың  теңге тағайындалып, 103,1 мың теңге төленді;

        Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек 8 адамға 1000,0 мың тағайындалып,  төленді.

        Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын  азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 131 адамға 9888,6 мың теңге тағайындалып,  6534,1  мың теңге төленді;

        Үйден  оқытылатын  мүгедек  балаларға арыздары   бойынша   әлеуметтік  көмек 27 балаға 310,0 мың  теңге тағайындалып, 190,0 мың теңге төленді;

         

Мүгедектермен, ардагерлермен  жұмыс бойынша

Мұғалжар аудандық зейнетақы төлеу орталығының берген мәліметі бойынша  ауданда барлығы мүгедектер саны - 1578, оның ішінде I топтағы мүгедектер - 119,  II топтағы мүгедектер - 565,  III топтағы мүгедектер - 623, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 271 санын құрайды.

Техникалық көмекші құралдармен (таяқтар, балдақтар, жетек арбалармен) 5 мүгедекке 57,4 мың теңгеге 7 құралдар берілді;

Сурдотехникалық құралдар бойынша барлығы 12 мүгедекке (көп функционалды дабылды жүйелер, ұялы телефон, сағат, нотбуктар)  2 218,6 мың теңгеге 19 құралдар берілді;

         Тифлотехникалық құралдар бойынша 6 мүгедекке (тифломагнитола, диктофон,  таяқ) 3 145,8 теңгеге 8 дана құралдар берілді;

Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 24 мүгедекке 17 116 дана 2 288,2 теңгенің (жөргектермен, жаялықтармен, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындықтармен) қамтамасыз етілді;

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 64 мүгедекке 64 жеке көмекші тағайындалып, оған 5 597,4 мың теңге еңбекақылары тағайындалып, қызметтерін көрсеттті;

Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері бойынша 12 мүгедекке 3 ымдау тілі маманы тағайындалып, 299,6 теңгеге еңбекақылары төленді.

         5 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 132,7 мың теңге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен барған мүгедектерге бару-келу жол қаражаты тағайындалып, төленді;

Мүгедектерге «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 3 208,7 мың теңге бөлініп, әлеуметтік тапсырыс аясында келісім шарт жасалып, 466,7 мың теңге игерілді. Қазіргі таңда барлығы 38 мүгедектерге қызмет көрсетілуде.

Барлығы: 166 мүгедекке 14 206,4 теңгеге 17 150 дана көмектері  көрсетілді.

 

2021 жылдың 1 сәуірне мүмкіндігі шектеулі 1 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 27 мүгедек өз тілектері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып уақытша жұмыспен қамтамасыз етілсе, осы санаттағы 2 жас маман мамандығына сай Жастар тәжірибесіне, 2 адам уақытша маусымдық жұмысқа және 2 мүмкіндігі шектеулі азамат арнайы жұмысқа орналастырылды.

 

Үйге бару арқылы арнайы қызмет көрсету бөлімшесі бойынша

Бөлім бойынша қарттар 228, ересек мүгедектер – 36, мүмкіндігі шектеулі балалар- 49, барлығы 313 адам есепте тұрады.

Дата публикации
19 октября 2021
Дата обновления
19 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы