БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
әкімшілік кедергілерді алып тастау туралы
Мұғалжар ауданының прокуратурасы аудан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
Бұл ретте, аудан прокуратурасымен Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде (бұдан әрі - Бөлім) кәсіпкерлердің жер мәселесі бойынша арыздарының қаралу заңдылығына талдау жүргізілді.
Талдау барысында өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы, өтініштерді негізсіз қайтару бойынша заңбұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 43-бабының 3-тармағына сәйкес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін сұрау жағдайларын қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі келіп түскен кезінен бастап он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №352-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 4-тармағына сәйкес өтініштерді қараудың жалпы мерзімі өзгертілген, бұрын жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі келіп түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімді құраған).
Алайда, Бөліммен 15 кәсіпкердің өтініштерінің қарау кезінде бұл мерзімдер сақталмаған.
Бұдан бөлек, Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім жер комиссиясының теріс қорытындысы негізінде жер комиссиясының қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады.
Алайда, Бөліммен 7 кәсіпкердің арыздарына бас тарту туралы жауаптар қайтарылған (жер комиссиясына жолданбай).
Нәтижесінде, Бөліммен 22 кәсіпкердің өтініштерінің қарау мерзімін негізсіз созбалаңға салу және қайтару нәтижесінде, кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған.
Енгізілген ұсынуды қарау нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапкершілік тәртіпке тартылып, әкімшілік кедергілер алынып тасталды (жер комиссиясына өтініштерді жібермеу тәжірибесі тоқтатылды) .
Мұғалжар ауданының прокуратурасы