Меню

Страницы

Статья

Баспасөз парағы

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

        Мұғалжар ауданының прокуратурасы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (əрі қарай – бағдарлама) іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарын игеру заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде кейбір шаруа қожалықтары малдардың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидияланған мал басының белгіленген мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етпейтіндері анықталды.

Мысалы, 04.12.2020 жылы жергілікті шаруа қожалығы жылқылардың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға мемлекеттен 1 100 000 теңге субсидия алған.

Алайда, 2020 жылдың 12 желтоқсанда шаруа қожалығы 25 бас жылқыны сатуына байланысты оларды есептен шығарған.

Одан бөлек талдау жүргізу барысында жалпы 53 шаруа қожалықпен малдардың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидияланған мал басының белгіленген мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етпегендері анықталды.

Бұл ретте, аудан прокуратурасымен малдардың сақталуын қамтамасыз етпеген  шаруа қожалықтарынан бөлінген субсидияларды мемлекетке қайтару шараларын жүргізді.

Осылайша, талдаумен анықталған заң бұзушылықтар бойынша Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қазіргі уақытта шығындарды өтеу жұмыстары жүргізілуде.




        Мұғалжар ауданының прокуратурасы

Дата публикации
04 августа 2021
Дата обновления
04 августа 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы