Меню

Страницы

Статья

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімі жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы»

 шешімі жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

 

«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ «Z tech» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 6,25 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 11 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілейді.

  1. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

         Осы шешім жобасын бекітуге ұсынылады.

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жыл 3 маусым, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 10 маусым 2021 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 3 маусымдағы №49 хатымен алынды.

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
22 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы