БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып,
негізсіз әкімшілік кедергілер жойылды
Кәсіпкерлермен кездесу барысында жыл сайынғы жылыту маусымы басталар алдында нысандарға газ берілу келісімін алу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ-ның қызметкерлерімен заңда көзделмеген құжаттардың сұратылатындығы анықталды.
Аудан прокуратурасымен аталған мәселе бойынша талдау жүргізіліп, олардан жыл сайынғы жылыту маусымы басталар алдында нысандарға газ берілу келісімін алу үшін өлшеу аспаптарының (газдану сигнализаторы) мемлекеттік тексеруден өткені туралы сертификаттар және газ қондырғыларының төл құжаттары, аварияларды оқшаулау және жою жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарлары негізсіз сұратылатыны анықталды (әкімшішілік кедергілер).
351 кәсіпкердің құқықтарын қорғау мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментіне (бұдан әрі -Департамент) заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.
Нәтижесінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ-ның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзушылық белгілері болуына байланысты, осы заңбұзушылықтарды жоюға және коммуналдық-тұрмыстық газ тұтынушылардың (кәсіпкерлік субъектілері) заңды құқықтарына қысым жасауды тоқтау бойынша Ақтөбе өндірістік филиалына 27.01.2021 жылы Департаментпен хабарлама шығарылған.
Хабарламаны қарау нәтижесінде, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалымен жоғарыда көрсетілген құжаттарды талап етуді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Осылайша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, әкімшілік кедергілер алынып тасталды.
Мұғалжар ауданының прокуратурасы