«Қауымдық сервитут белгілеу туралы»
шешімі жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ «ERG Exploration» акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 894,6033 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 24 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілейді.
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы шешім жобасын бекітуге ұсынылады.
«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жыл 29 наурыз, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 29 наурыз 2021 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 30 наурыздағы №33 хатымен алынды.