«Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылының кейбір көшелерінің атауын қайта атау туралы» шешімі жобасына
БАСПАCӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысына, Жұрын ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық комиссиясының 15.03.2021 жылы өткізілген жиналысының №2 хаттамасына, Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы №1 қорытындысы негізінде Жұрын ауылының кейбір көшелерінің атауы қайта аталады.
«Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылының кейбір көшелерінің атауын қайта атау туралы» шешіміжобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылғы 06 сәуірінде, 2021 жылғы 06 сәуірінде e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.