Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы
30 желтоқсандағы №550 «2021-2023 жылдарға арналған
Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №550 «2021-2023 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7912 тіркелген, 2021 жылғы 08 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
2) тармақшасында:
Шығындар – «51 470,0» сандары «52 227,4» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы (профициті) – «0,0» сандары «-757,4» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – «0,0» сандары «757,4» сандарымен ауыстырылсын;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – «0,0» сандары
«757,4» сандарымен ауыстырылсын.
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №550 «2021-2023 жылдарға арналған Құмсай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kzсайтында 2021 жылы 15 наурызда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 02 наурызда орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 15 наурыздағы № 21 хатымен алынды.