«Қауымдық сервитут белгілеу туралы»
шешімі жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ «Лашын Пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Ембі қаласы аумағында орналасқан жалпы алаңы 2700 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 21 қазанынан дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілейді.
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы шешім жобасын бекітуге ұсынылады.
«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жыл 20 ақпан, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 20 ақпан 2021 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 2 наурыздағы №13 хатымен алынды.