«Шектеу іс-шараларын алу және Құмсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №5 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасының
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 01 наурыздағы №02-13-4/42 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шараларын алу туралы шешімі бекітуге ұсынылды.
«Шектеу іс-шараларын алу және Құмсай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №5 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2021 жылғы 01 наурызда, 2021 жылғы 01 наурызда e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.