Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №396
«2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
қаулысы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес қаулы жобасын енгізу үшін аудан әкімдігінің қаулысы бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №396 «2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz 2021 жылғы 8 ақпанда, 2021 жылғы 8 ақпанда e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.