«Қауымдық сервитут белгілеу туралы»
шешімі жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
«Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ «Ивахненко Максим Иванович» жеке кәсіпкерге пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы, Құмсай акылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 1 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2023 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілейді.
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы шешім жобасын бекітуге ұсынылады.
«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешімі жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жыл 5 желтоқсан, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 5 желтоқсан 2020 жылы орналастырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 11 желтоқсандағы №114 хатымен алынды.