«2021-2023 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық
бюджетін бекіту туралы» жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.2021-2023 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 15 121 204,0 мың теңге;
салықтық түсімдер – 10 397 040,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 163 844,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 54 778,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4 505 542,0 мың теңге;
2) шығындар – 15 121 204,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 5 349,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 21 877,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 16 528,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 5 349,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 349,0 мың теңге;
қарыздар түсімі – 21 877,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 16 528,0 мың теңге;
«2021-2023 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылдың 14 желтоқсанында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 28 қараша 2020 жылы орналстырылды. Мұғалжар ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 20 желтоқсан №115 хатымен алынды.