2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес қаулы жобасын енгізу үшін аудан әкімдігінің қаулысы бекітуге ұсынылды.
«Мұғалжар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулының жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылы 19 қарашада, e-gov.ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2020 жылы 19 қарашада орналастырылды. Есептемені қарау 126бірлік, пікір 3.