2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулы
жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген бұйрығына сәйкес қаулы жобасын енгізу үшін аудан әкімдігінің қаулысы бекітуге ұсынылды.
«2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулының жобасы www.mugalzhar.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылы 19 қарашада, e-gov.ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2020 жылы 19 қарашада орналастырылды. Есептемені қарау 124 бірлік, пікір болған жоқ.