ҚР аумағында төтенше жағдай еңгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек (әр адамға 20 000 теңге мөлшерінде) - 2 974 адамға 59 480,0 мың теңге төленді.
Төтенше жағдайда Республикалық бюджеттен азық – түлік топтамасы ретінде наурыз айына 633 балаға – 3574,5 мың теңге, сәуір айына 3591 адамға - 19991,0 мың теңге, мамыр айына 3776 адамға – 21021,0 мың теңге, шілде айына - 3666 адамға - 20408,6 мың теңге, тамыз айына 3317 – 18321,2 мың теңге төленді. Барлығы: 83316,3 мың теңге игерілді.
«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ – не қарасты білім беру ұйымдарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құны 51 200 000,00 теңгеге 320 дана ноутбук сатып алынды. Сонымен қатар облыстық бюджеттен құны 19 801530,00 теңге 1147 дана роутер сатып алынып, мектеп оқушыларына толығымен таратылды.
2020 – 2021 оқу жылында короновирустық инфекциясының таралуына байланысты сақтық шараларды күшейту мақсатында барлық білім беру ұйымдарына, жергілікті бюджеттен құны 1050000 теңге 42 дана тепловизор, құны 1140000 теңгеге 76 дана коврик, құны 1060000 теңгеге 53 дана кварц лампа, құны 121400 теңгеге 990 дана белизна, құны 1935500 теңгеге 2130 дана антисептик және құны 358800 теңгеге 582 дана сұйық сабын, дихлор сатып алынып, барлық білім беру ұйымдарына таратылғандығын хабарлайды.