Халықты әлеуметтік қорғау саласында:
- Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру жұмысын жүргізу;
- Жаңа форматтағы нысаналы әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау және төлеу, жергілікті және республикалық бюджеттен төленетін бір жолғы, ай сайынғы және басқа да әлеуметтік көмектерін төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, тыл ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуін ұйымдастыру және есепке алу.
Халықты жұмыспен қамту саласында:
Жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлау;
- Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
- Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
- Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;
- Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру;
- Жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;
- Жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру.
Әлеуметтік әріптестік саласында:
- Еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары /кәсіподақтар/ арасындағы әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру.
Мүгедектермен жұмыс ұйымдастыру саласында:
- Оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерге жеке көмекшілер және ымдау тілі маманы, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, санаторлы - курорттық емделу қызметтерін ұсыну мен құжаттарын ресімдеу;
- Жалғыз басты қарттар, мүгедек азаматтар және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз ету және ведомстволық статистикалық есептерді дайындау.