Меню

Страницы

Статья

Жұмыспен қамту секторы бойынша 2020 жылдың 10 айына көрсеткіштердің орындалуы туралы мәліметтер  

Жұмыспен қамту секторы бойынша 2020 жылдың 10 айына көрсеткіштердің орындалуы туралы мәліметтер

 

Жергілікті атқарушы органның меморандумында көзделген негізгі мақсатты индикаторлардың бірі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, ауданда 2020 жылдың 10 айында ауданның жеке кәсіпкерлерінде, шаруа қожалықтарында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде 1220 жаңа жұмыс орындары ашылып белгіленген жылдық жоспар 94,2% орындалды, оның ішінде 786 тұрақты жұмыс орны, ол барлық ашылған жұмыс орындарының 64,4% құрап отыр.

Ауданда ағымдағы жылдың 10 айында жолыққан жұмыссыз азаматтар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, атап айтар болсақ, 2576 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Халықтың нысаналы тобына жататын 384 жұмыссыз аудан мекеме, кәсіпорындарында ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, белгіленген жылдық жоспар 108,2 % орындалды.

Сонымен қатар 326 жас маман мамандықтарына сай аудан аймағында орналасқан мекеме, кәсіпорындарға Жастар тәжірибесіне орналастырылып жылдық жоспар 104,5 % орындалды.

Ағымдағы жыл басынан 1138 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып жұмыспен қамтамасыз етіліп белгіленген жылдық жоспар 94,8 % орындалды.

«Гүлдене бер туған жер» акциясына 29 жасқа дейінгі 120 жас азаматтар тартылып белгіленген жоспар 101,7 % орындалды.

Кәсіптік оқуға 61 адамды жолдау жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айында 70 адам жолданып оқытылды.

77 адамға 302 000,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланып, ағымдағы жылдың 10 айында 67 адамға 258200,0 мың теңге көлемінде несие беріліп белгіленген жоспар 87 % орындалды.

2020 жылдың 10 айында 5 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді, оның ішінде мүгедектер мен пробация қызметінде тіркелген адамдар үшін.

«Еңбек нарығы» ААЖ «Жұмыс орындарын құруға арналған интеграциялық карта» модуліне «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» жобасы аясында құрылған 392 жұмыс орны туралы толық ақпарат енгізілді.

Ауданда 2827 жұмысшы жұмыс жасайтын 105 мекеме, кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен және жеке кәсіпкерлермен жұмысшыларды жұмыспен қамту және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, өндірістік үдерістерді тұрақтандыру мәселелері жөніндегі Мұғалжар ауданы әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ бірлестігі арасындағы Меморандумдар жасалып қол қойылды.

2020 жылдың 1 қарашасына есепте тұрған жұмыссыздар саны 1230 адам болып, экономикалық белсенді тұрғындар саны 37205 адамға шаққанда 3,3 пайызды құрап отыр.

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы