Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет мекемелерінің 2020 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты жалпы саны 39 мәдениет мекемесі, оның ішінде 18 мәдениет үйлері мен клубтар, 18 кітапхана, 2 музей, 1 саябақ.
Мұғалжар ауданы бойынша штаттық кестеге сәйкес 212 бірлік, нақты 205 мәдениет қызметкері жұмыс жасайды. Мамандар саны – штат бойынша 57, нақты - 52. Техникалық персонал – штат бойынша 100, нақты 102 адам жұмыс жасайды. Жоғары білімді мамандар саны – 48, арнаулы орта білімді – 49, орта білімді – 108.
2020-2021 жылу маусымына дайындық бойынша жалпы саны 7 мекемеге 475,2 тонна қатты отын 9 398 956 теңгеге алынды.
Құмсай ауылдық клубына 25 тонна сұйық отын 4 984 000 теңге алынды. Бүгінгі таңда барлық отын мекемелерге жеткізілді.
Ақылы қызмет жоспары 2 млн. 730 мың теңге, орындалуы 10 айда – 977200 теңге (35,8 пайыз).
Мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында ғалым, философ және шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын, хакім Абайдың 175, Ұлы Жеңіске – 75, Ә.Молдағұлова – 95, сазгер, ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 90, Қазақстан Ассамблеясының 25, ҚР Конституциясының 25 жылдық мерейтойларына арналып көптеген мәдени шаралар өткізілді. Шаралардың басым көпшілігі елдегі жағдайға орай онлайн режимінде өткізілді.
Мәдениет үйлерінде 11 айда жалпы мәдени шаралар саны – 818, көрермендер саны – 58907.
АХАТ қызметі бойынша 2020 жылдың 11 айында тіркелген акт жазбалар саны
Бала туу – 1425
Қайтыс болу – 482
Ажырасу – 55
Некеге тұру - 344
Тегін өзгерту – 22
КІТАПХАНАЛАР:
Аудан бойынша 8 кітапхана «Модельді кітапхана» қатарында, жаңартылған «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс жасауда, 9 айдын қортындысы бойынша 7565 кітап еңгізілді.
Мемлекеттік мекемеге қарасты кітапханаларда 58 штаттық бірлік бойынша қызметкерлер жұмыс атқарады. Оның 40 «Кітапхана қызметкерлері». Білімдері «кітапханашы» мамандығына сәйкес 19 білімі жоғары, 20 арнаулы орта, 1 орта.
Білімдері «кітапханашы» мамандығына сәйкес келмейтін қызметкерлер оқу орындарына түсіп, өз білімдерін көтеруде. 18 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының 2020-2021 жылдарға газ жүйесі қысқы маусымға дайын. Мұғалжар газ шаруашылығы АПФ АО «КазТрансГаз Аймақ» директоры Ш.А.Ержановтың 2020 жылғы 01 қыркүйек рұқсаты алынды.
Кітапхананың 2009 жылы шығарылған ЯИК-16, 2007 жылы шығарылған КСГ-40 екі жылу қазандығы жұмыс жасап тұр, есептеуіш құралдары және сингализаторлар ауыстырылып, жыл сайыенғы сараптамадан өтті. Штат бойынша үш газ операторы жұмыс жасайды, куәліктері бар.
11 айдың қорытындысы бойынша кітапханалардың негізгі көрсеткіштерінде өсу бар:
|
Негізгі көрсеткіштер |
2020 11 ай |
|
Пайдаланушылар саны |
26750 |
|
Кітап берілімі |
426120 |
|
Келушілер саны |
172300 |
|
Кітап қоры |
404614 |
Жыл басынан 1076 дана әдебиеттер келіп түсті.
Алдағы уақытта да өз белгіленген міндет бағыттарымыз бойынша және жылдық жоспар негізінде қызметімізді атқарамыз.
Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2020 жылдың 11 айлық қорытынды есебі бойынша барлығы 616 мәдени шара ұйымдастырылып, оған 7230 халық қамтылды. Сонымен қатар, Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, кітапхана саласыда қашықтықта жұмыс жасап, 368 онлайн шаралар өткізді, қаралым саны 8570. Және де байқаулар, челлендждер ұйымдастырып, жоспар бойынша уақытылы өткізуде.
Жалпы 2020 жылдық жоспар бойынша 466 мәдени шара жоспарланып, 11 айлық қорытындысы бойынша 432 шара жүзеге асырылды, оның 368 онлайн шаралар, қаралым саны 8570. Қалған 34 шара желтоқсан айына жоспарланған. Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты «Жақыныңа жанашыр бол» Республикалық челленджі бойынша кітапхана саласында 55 челлендж түсірілді. Кітапханалық үйірмелерге келер болсақ, барлық 18 кітапханада 18 үйірме (қызығушылық клубтары) жұмыс жасайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын насихаттау шараларымен қоса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Өркекниетті өлке – озық оқырман» кітапханалық жобасы аясында өлкелік ақын-жазушыларымызбен көптеген кездесу кештері, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған библиографиялық шолулар және кітап көрмелерін жоспар бойынша өз кезегімен ұйымдастырып отырды.
Кітапханаларда мұндай шаралар «НұрОтан» партиясы Мұғалжар аудандық филиалымен, қалалық, ауылдық орта мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен, ардагерлер үйімен тақырыптық кештер, ойындар, тренинг-сабақтар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері түрінде ұйымдастырылып, өткізілген шаралар туралы ақпарат Аудандық орталық кітапханасы, Ембі қалалық кітапханасы, Ембі қалалық балалар, Аудандық орталық балалар кітапханалары instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшаларында жарияланып отырды.
Алдағы уақытта да осы қарқынымыздан таймай, жылды абыроймен қорытындылаймыз деген ойдамыз.
2020 жылдың 11 айында мәдениет мекемелері бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
Аудандық мәдениет үйі
11 айлықтың жеткен жетістікке келетін болсақ: Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында Совет Одағының батыры Әлия Моладағұлованың 95 жылдығына орай Қобда ауданында өткен облыстық «Батырлар рухы» патриоттық әндер онлайн байқауына аудан атынан Ақкемер ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Көркем Сүндетбаева жүлделі 2 орын және облыс әкімі орынбасарының дипломы және бағалы сыйлығымен,
Ақтөбе қаласында өткен «Жас талант» III Республикалық шығармашылық байқау фестиваліне мәдениет үйнің Халықтық «Алтынзер» бишілер тобы жас ерекшеліктері әртүрлі топтарымен қатысып, 3-5 жас топ бойынша 1 орын, 6-7 жас топ бойынша 2 орын, 8-9 жас топ бойынша 3 орынмен,
Мәдениет үйі жанындағы жастар театры Астана қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән, би және өнер байқауына қатысып «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша жүлделі 2 орынмен,
ҚР мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби күніне орай ҚР мәдениет және спорт министрі А.Райымқулова мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы-қоғамдық бірлестінің төрайымы С.Иманкулованың Құрмет Грамотасымен аудандық мәдениет үйінің таетр режиссеры А.Мусина,
21 мамыр Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойлары аясында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен «Мамандығым - мақтанышым» бейнеролик байқауында Бас жүлде аудандық мәдениет үйінің қызметкері Айгүл Балгарина, Жем қалалық мәдениет үйінің әдіскері Жалиманова Анаргүл 1 орын, Талдысай ауылдық мәдениет үйінің директоры Г.Қалиева 2 орын, Ембі қалалық мәдени орталық қызметкері Гүлназ Жоламанова 3 орын, Көрермендер көзайымы Ақкемер ауылдық мәдениет үйінің директоры М.Көмекбаева мен Жұрын ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі М.Байсеңгірова,
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ҚР Ассамблеясының 25 жылдығына және Халықаралық билер күніне орай Қобда ауданында өткен облыстық «Ғажайып балалық» би байқауында Талдысай ауылдық мәдение үйі жанынан құрылған «Ақкөгершін» би байқауы қатысып Алғыс хатпен,
ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Отбасы – ұлт тірегі» облыстық отбсылық онлайн байқауына аудан атынан Баспаевтар отбасы қатысып «Бас жүлдемен»,
Қобда ауданында өткен «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым – философ Әбу Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Бабалар үні» облыстық онлайн фестиваліне аудан атынан Айымгүл Бисенбаева ұлттық аспаптық жанры бойынша 2 орын және Самен Жолдас жыр, терме бойынша 2 орынмен,
«Жерлестер жаңғырығы» атты облыстық онлайн байқауында Қалатаева Іңкәр Алтайқызы 6-9 жас бойынша Бас жүлде және Өмірзақ Арайлым Самұратқызы 10-13 жас бойынша Бас жүлдесімен,
Байгаин ауданының ұйымдастырумен ҚР Конституцияныңы 25 жылдығына арналған «Ұлы дала әуендері» онлайн облыстық патриоттық ән байқауында Салауат Сәнкібай 3 орын Дипломмен,
Ақтөбе қаласында өткен «Zhas Onerpaz» ІІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауында аспаптық жанр бойынша 14-16 жас аралығында Сағынжан Мырзабек қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп І-дәрежелі дипломмен,
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, ҚР Ассамблеясының 25 жылдығына байланысты Қобда аудандық мәденинет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ғажайып балалық» атты би байқауына Ембі қаласы атынан «Жайна» б/тобы қатысып,жүлделі І-орынмен,
Ақтөбе қаласында өткен «Zhas Onerpaz» ІІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауында хореография жанры бойынша 7-10, 14-16 жас аралығында қатысқан «Ажар» б/тобы жүлделі бас орынды жеңіп,екінші тобы І-дәрежелі дипломмен,
Облыстық қашықтықтан өткізілген «Би өңірі» хореография фестиваль- байқауында «Ансамбль» номинациясында /10-12жас аралығында/ «Ажар» б/т жүлделі ІІ орынмен,
«Жырласам ба екен» республикалық М. Мақатаевтың жырлары мен өлеңдеріне жазылған әндерден ән –жыр байқауына қатысып, «Вокал» жанры бойынша Оразалы Ұлан және Жалиманова Анаргүл 1 орын «Үздік ұстаз» номинациясымен,
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне Жем қаласы әкімі Бисенов Жұматай Убайдоллаұлының Алғыс хатымен Байтанова Радина марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Қобда ауданында өткен «Достық өрнектері» байқауында «Халықтық» «Алтынзер» би тобы жүлделі ІІ орын, «Халықтық» «Триумф» би тобы жүлделі ІІІ орын алса, сондай-ақ, «Халықтық» «Жасын» вокалды аспапты ансамблі Алғыс хатпен марапатталды.
Кітапханалар:
Бас жүлде Сағидулла Инабат Бақытжанқызы (диплом,медаль,кітап) "Көркем сөз жанры"бойынша
1 орын Таңатарова Айнамкөз Бекнұрқызы(диплом,медаль) "Көркем сөз жанры" бойынша
2 орын Қолқанатова Хабиба Исламбекқызы (диплом медаль) "Қол өнер жанры" бойынша
1 орын Асетова Айзере Миржанқызы (диплом,медаль)