Меню

Страницы

Статья

«Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

 

«Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының анықтамасына сәйкес, алғашқы рет 1928 жылдың 14 шілдесінде қызметін бастаған Темір аудандық жұмысшылар, шаруа және қызыл-әскери депутаттар кеңесі атқару комитетінің өнер істерінің бөлімі әр жылдары өзгерістерге ұшырап 1977 жылдың 7 қазанынан бастап Октябрь аудандық халық депутаттары кеңесінің Октябрь аудандық мәдениет бөлімі болып аталған. Октябрь аудандық мәдениет бөлімі Мұғалжар аудандық мәдениет бөлімі болып, одан кейін «Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ болып өзгерді. Қазіргі таңда «Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Хамзина Сауле Абдуллаевна.

«Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ң штаттық саны 9. Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты жалпы саны 39 мәдениет мекемесі, оның ішінде 18 мәдениет үйлері мен клубтар, 18 кітапхана, 2 музей, 1 саябақ.

Мұғалжар ауданы бойынша штаттық кестеге сәйкес 212 бірлік, нақты 205 мәдениет қызметкері жұмыс жасайды. Мамандар саны – штат бойынша 57, нақты - 52. Техникалық персонал – штат бойынша 100, нақты 102 адам жұмыс жасайды. Жоғары білімді мамандар саны – 48, арнаулы орта білімді – 49, орта білімді – 108.

Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұсынысы бойынша аудан әкімдігінің қолдауымен 2005-2012 жылдар аралығында ауылдық клубтар мен кітапханалар ашылып, нысандар саны көбейді. 2009-2010 жылдар аралығында бірқатар мәдениет мекемелерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапханасы және Ембі қалалық кітапханасы жанынан екі коворкинг орталықтары ашылып, бүгінгі таңда халыққа кең көлемде қызмет көрсетіп келеді.

Мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында ғалым, философ және шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын, хакім Абайдың 175, Ұлы Жеңіске – 75, Ә.Молдағұлова – 95, сазгер, ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 90, Қазақстан Ассамблеясының 25, ҚР Конституциясының 25 жылдық мерейтойларына арналып көптеген мәдени шаралар өткізілді. Шаралардың басым көпшілігі елдегі жағдайға орай онлайн режимінде өткізілді.

Дата публикации
26 ноября 2020
Дата обновления
26 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
13 августа 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы